16 March, 2018 - 17:51

Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарап өседі деп білген халқымыз: Қызым жақсы болсын десең – қылықтылармен ауыл бол» дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастаған кезде – ақ өнерлі, текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға ,бірге жүруге құлшынған, әрі  ресми  тәрбие жүргізе бастаған.

1 March, 2018 - 17:36

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 наурыз аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (жұма) сағ.15.00

Кітапханамызда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бағдат Мүбарактың шығармашылық кеші өтеді. Кездесу кеші аясында «Алтынкүрек» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

27 ақпан, 2018 - 14:14

Ағаш көркі-жапырақ,

Адам көркі-шүберек.

Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар.Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы әрі сәнді киім кие алады.

Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киімді тігісті және тігіссіз деп бөледі.

26 ақпан, 2018 - 16:20

The 2018 Winter Olympics, officially known as the XXIII Olympic Winter Games and commonly known as Pyeongchang 2018, was a major multi-sport eventheld between 9 and 25 February 2018 in Pyeongchang County, Gangwon Province, South Korea, with the opening rounds for certain events held on the eve of the opening ceremony, 8 February 2018. It marks the first time that South Korea has hosted the Winter Olympics, and the second Olympics held in the country, the first being the 1988 Summer Olympics in Seoul.

26 ақпан, 2018 - 14:14

Осындай атаумен  кітапханашылар 2018 жылдың 22 ақпаны күні  Қарағанды «Болашақ» академиясында сырттай оқитын студенттермен   шара өткіздік. Жиналған қауыммен  амандықтан кейін абонемент бөлімінің жұмыс істеу барысы жайлы айтып, көрмеге қойылған  кітаптарға тоқталдым.

22 ақпан, 2018 - 18:17

Қазақ - қашаннан ақынжанды халық. Тілі шыққан баласына өлең жолдарын жаттатпайтыны сірә да жоқ шығар. Бала атаулының Абайдан кейінгі оқитыны  Мұқағали ақынның  өлеңдері екені даусыз.

Ақын  Мұқағалидің өмірінде  Тиын  әжесінің алар орны ерекше. Мінезі адуынды, сөзге шешен, халық ауыз әдебиетін төгілтіп шертетін әжесін әрдайым мақтан тұтты. Әжесіне арнаған өлеңдері әнге де айналды. Алдымен отбасы мүшелеріне арнаған өлеңдерін оқып көріңіз. Ақынның қай өлеңін алсаңыз да тұнып тұрған   өмір. Сол  өмір сахнасында өмір сүріп жатқан  адамдар тіршілігі ақын қаламына ілінгенін байқайсыз.

21 ақпан, 2018 - 14:07

Осынау кeң байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі!

Н.Ә. Назарбаев

Сүйікті оқырмандар, мен сіздерге «Ұлы Дала Елі» айдарын ұсынбақпын. Бұл айдар қазақ елінің тарихы, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрімен қатар, спорт тақырыптарын да қамтиды.

Мақсаты, ұлан байтақ қазақ жерінде болған тарихи оқиғаларды Тәуелсіз ел ұрпақтарына дәріптеу.

13 ақпан, 2018 - 17:30

Ақын - халық сөзін жеткізуші. Халықтың тілі мен үні. Жүрекке шаң болып жұққан  өмір күйесін  өлең – орамалмен сүртіп, тазалаушы. Ақын жырын  ар мен жүрек таразысынан өткізетін Халық деген Ұлы бар, Уақыт деген Төреші бар.

6 ақпан, 2018 - 15:35

Қазақтың бас адамдары!

Әуелі сіздер адаспаңыздар: адаспас

үшін ақылдасып, ойланып,

ынтымақпен іс етіңдер!

                              А. Байтұрсынұлы

 

          Ахмет Байтұрсынұлы дара тұлға. Ол жастарға үлгі тұтарлық адам деп айтуға болады. Қашанда ұрпақ болашағын ойлады. Еліне еселі еңбек сіңірді.

1 ақпан, 2018 - 12:52

Әр адамның жаны қалап, қолға алатын ісі бар. Мысалы, менің жақсы көретін кәсібім – кітап оқу. Әріп танытқан алғашқы ұстазым педагог-журналист Көпішев Еркін бізді «Ақшоқының» бір бөлмеге орналасқан шағын кітапханасымен таныстырғаннан бері кітаппен доспын. Алғашқы оқыған шығармам «Тазша бала» ертегісі болатын.Содан бері кітап әлеміне бойлап келемін. Сіздерге өзіме ұнаған автор және оның шығармалары жайлы айтсам деймін.

Беттер