3 October, 2017 - 15:03

Қазіргі таңда елімізде еңбекші адамға құрметпен қарап оларға үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатады. «Еңбек түбі - береке», - деп қазақ халқы бекерге айтпаған ғой. Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Біздің мемлекетімізде көптеген кәсіби мамандықтар күндері аталып өтіледі. Мен осы кәсіби мамандықтар күніне орай, өз мамандығым жайлы айтқым келеді.

20 September, 2017 - 11:51

Коворкинг деген не? Ағылшын тілінен аударғанда  - бірге жұмыс істеу.

Кітапханадағы коворкинг орталығын біз жаңа және өзекті құбылыс деп қабылдаумыз мүмкін. Бірақ, шын мәнінде  ежелгі кітапханалардың бірі болып саналатын Египеттегі Александрия қаласындағы кітапхана - көптеген философтар мен  математиктерге сол заманда «коворкинг орталығы» болған екен. 

14 September, 2017 - 14:47

Әдетте шала туған сәбиді  тымаққа салып, осылай өсіретін ғұрып бар. Себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы. Бала күнімнен тымаққа салып өсірген деген сөзді естуші едім әжемнен. Оның өзіндік үлкен пайдасы, сыры бар екенін түсіндім. Сәби неше күн ерте дүниеге келсе, сонша күн әр кереге басына ілген екен. Күні толған кезде, балаға барлық рәсім жасалған. Айталық, ат қою, бесікке салу, т.б. Ал егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді екен. Тымақ - табиғи аң терісінен жасалатын бас киімдердің бірі.

8 September, 2017 - 15:13

Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.

31 August, 2017 - 18:33

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Жадыраған жаз да аяқталып, салқын самал ескен  тынған күз де келіп жетті. Табиғатта ғана күз мезгілін тынық, баяу деп айтуға болады, ал біздің кітапханада күз басталысымен нағыз қарқынды жұмыс басталады. Қыркүйек айы жоспарланған іс-шаралармен қоса, айтулы даталар мен мерейтойларға арналған кітап көрмелері, әңгімелер, көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

4-қыркүйек (дүйсенбі)

23 August, 2017 - 11:15

Do you know people who don`t like these legendary singers? Not, of course! Let`s remember them!

The Beatles were an English rock band formed in Liverpool in 1960.

21 August, 2017 - 17:23

Қазақта мүшел жас өте қасиетті саналған. Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді.

14 August, 2017 - 10:58

"Еңлік-Кебек" пьесасының алғашқы қойылымына 100 жыл                                                       

7 маусым күні осыдан 100 жыл бұрын, яғни 1917 жылы тобықты мен найман рулары арасындағы жесір дауы арқау болған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы алғаш рет Абай ауылында қойылды.Қойылымның қоюшы-режиссері де, суфлері де Мұхтар Әуезов болған.Ойқұдық жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Ойқұдықта бастау алған серпіліс бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді.

2 August, 2017 - 16:37

Қазіргі таңдағы қоғамдағы адамдардың оның ішінде әсіресе жастардың кітаптан көрі компьютерді таңдайтындығы жайлы жиі айтылады. Өкінішті болса да, бұл шындық, дегенменде ешбір техника кітаппен оқырманның арасындағы байланысты аламастыра алмайды. Бүгінде оқырман қауым іздегенін оңай табатын заман. Сол себептен қазіргі заманғы кітапханалар үшін пайдаланушылардың сұранымдарын қамтамасыз ету, байланысын, белсенділігін арттыру өте маңызды болып табылады.

31 July, 2017 - 17:41

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 тамыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 тамыз (сәрсенбі) сағ. 11.00, 12.00-де

Кітапханамыздың жас оқырмандарын «ENGLISH FOR KIDS» және «ЖЕР ШАРЫНА САЯХАТ» атты шығармашылық алаңдарына шақырамыз.

2-қабат, конференц-зал

 

7 тамыз (дүйсенбі) сағ. 11.00, 12.00-де

Беттер