6 March, 2017 - 12:20

О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатынболсаөмірдеқұдірет,
Сыйынар ем анадегентәңірге.

Шамкенов А.

Ана. Үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама...

2 March, 2017 - 13:51

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (бейсенбі)

«Әйел – отбасының да, отанның да ұйытқысы» атты кітап көрмесінің материалдары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихы жайлы, ел дамуына зор үлес қосқан әйелдер мен қарапайым аналар туралы баяндайды.

3 қабат, оқу залы

 

6 наурыз (дүйсенбi) сағат 14.00

2 March, 2017 - 12:15

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның Негізгі қорларды сақтау бөлімінде сирек және құнды кітаптар топтамасы бар. Ол қорда 2000-дай дана басылым бар. Солардың кіші форматтағы(малютка) кітаптардың бірі Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылы жарық көрген 257 беттен тұратын «Еркін елдің ертеңі» атты жинақ кітабы. Жинаққа Елбасының бірлік, адамгершілік құндылықтар, қазақстандық патриотизм, мемлекет,жаһандану, саясат пен экономика , өркениет туралы таңдамалы нақыл сөздері, ой толғаныстары мен тұжырымдары енген.

1 March, 2017 - 11:31

Талантты тұлға, театр өнерінің тарланбозы, ардақты актер, жерлесіміз Мүлік Сүртібаевтың туғанына – 100 жыл.

Мерейтой иесінің өмірі мәнді де мағыналы, қай қырынан алсақ та көпке үлгілі тұлға. Осынау өнер иесіне дарын жағынан да, актерлік ғұмырына да тең келер ешкім жоқ. Актер есімі өнер сүйер қауымға етене таныс.

13 ақпан, 2017 - 14:39

Үркер сөзінің мағынасын бәріміз білеміз. Білетініміз, үркер – торпақ шоқжұлдызының құрамына енетін топтанған жұлдыз шоғыры. Ал бұл сөздің жастар журналы атауына неліктен ие болғанын біріміз білсек те, біріміз бас қатырмадық.

«Бұл елдің түнгі сағаты – аспанның үркері еді» деп келеді бір шығармада. Түнгілік адасқан жолаушының серігі ол жұлдыздар екені анық. Соның ішінде, үркер шоқжұлдызының оп-оңай көзге түсіп, біркелкі жинақылығымен жарық шашып, адасқанға жол тауып беретіні тағы бар.

7 ақпан, 2017 - 16:39

Күні кеше Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №92 гимназияда «Жасын ғұмыр – Қасым ғұмыр» атты қалалық қасым оқулары болып өтті. Мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға 100-ге тарта оқушы ат салысты.

7 ақпан, 2017 - 12:29

Қазіргі ақпараттар нөпірі сананы еріксіз жаулап алып, жаппай жаһандануға бет бұрған тұста күнделікті өмірімізді Ғаламторсыз елестетудің өзі мүмкін болмай қалды. Аяқ аттап баспастан, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» аталмыш тораптың пайдасымен қатар, зияны да аз айтылып жүрген жоқ.

Осы орайда, қаңтардың соңғы жексенбісі – «Бүкіләлемдік Ғаламторсыз күн» деп белгіленгенуі де еш негізсіз емес. Жастарды рухани жұтаңдықтан арылтып, әдебиет пен мәдениетті насихаттауды мақсат еткен «Жыр-Жауһар» поэзия клубы да осы айтулы күнді өзгеше өткізуді жоспарлаған болатын.

3 ақпан, 2017 - 17:39

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-28 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

10 ақпан (жұма)

Ағылшын жазушысы, сценарист, «Оскар» сыйлығының иегері Сидни Шелдонға арналған «Секрет феноменального успеха» атты көрме-квестіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

12 ақпан (жексенбі), сағат 14.00

11 қантар, 2017 - 12:53

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қаңтар күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 қаңтар (сәрсенбі)

 Ағылшын жазушысы Дж. Рональд Руэл Толкиннің 125 жылдығына арналған "Властелин игры" атты көрмеге шақырамыз. "Высокого фэнтези": "Хоббит, или Туда и обратно", "Властелин колец" и "Сильмариллион" классикалық шығармаларының авторы ретінде танылған.

2 қабат, абонемент.

 

5 қаңтар (бейсенбі)

22 December, 2016 - 15:59

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту шараларының аясында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облысымыздың орталықтандырылған кітапханалар жүйелерімен бірлесе отырып, "Мен - Қазақстандықпын, Қазақстан - менің мақтанышым!" фотосуреттер байқауын өткізді.

Фотосурет байқауын ұйымдастырушылар :

Беттер