Activities calendar

20 November 2017

«Алаш – азаттықтың алтын қазығы» атты кітап экспозициясына шақырамыз

20 қараша (дүйсенбі)

Алаш партиясының 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – азаттықтың алтын қазығы» атты кітап экспозициясына шақырамыз.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:  мемлекет билеу түрі, қазақ облыстарында автономия жер мәселесі, оқу мәселесі, дінге көзқарасы, қазақ әйелдерінің ахуалы, құрылтай жиналысындағы сайлауға дайындық сұрақтары.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл съезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екінші жалпықазақ съезінде «Алаш – Орда» атауы берілген Алаш автономиясы жарияланды.

3 қабат, оқу залы

Дата: 

20 November, 2017 - 09:00