Activities calendar

08 ақпан 2018

Жырларым менің - жолдарым

8 ақпан (бейсенбі)

Абонемент бөлімінде «Жырларым менің - жолдарым» атты кітап көрмесі өтеді. Көрме ақын Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Ғалым Жайлыбай 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» Бас редакторы болып қызмет еткен. 2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері (2009).

2 қабат, абонемент бөлімі

Дата: 

8 ақпан, 2018 - 09:00