Activities calendar

16 May 2018

Журналист Екатерина Борисовна Кузнецованың туғанына 85 жыл

16 мамыр (сәрсенбі) сағ.12.00-де

Журналист Екатерина Борисовна Кузнецованың 85-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Талант и признание» атты кездесу кешіне шақырамыз.

Екатерина Борисовна 1938 жылы Қытай елінің Далян қаласында дүниеге келген. Атасы белгілі қытайтанушы, дипломат, Ресей империясының соңғы консулы болған. 1922 жылы Мукден қаласында қайтыс болған. Отбасы Ресейге қайтбай Қытайда қалған. Екатерина Борисовнаның әкесі Борис Сергеевич Колоколов қытай-ағылшын тілдерінде аудармашы болған. 1954 жылы Қазақстанға қоныстанған.

Е.Б.Кузнецова 1961 жылы Қазақстан Мемлекеттік Университетін тамамдаған. Карағандыда «Комсомолец Караганды» жастар газетінде әдеби қызметкер, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып істейді. 1989-1993 жылдары «Вечерняя газета» («Городская газета») редакторының орынбасары. 1993 жылдан 1998 жылдары зейнеткерлікке шыққанша облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі. 2000-2003 жылдары «Жастар әлемі - Мир молодежи» журналында қызмет етті.

Е.Б.Кузнецова республикалық тарихи-ағарту «Әділет» қоғамы басқармасының мүшесі ретінде Карлаг тұтқындарының тағдыры туралы көптеген мақалалар жазды. «Куст карагана» (1996), «Карлаг: по обе стороны колючки» (2000), «Карлаг: меченые одной местой» (2005), «ОГПУ – ІІХК Карлагы: Столыпиннен ГУЛАГқа дейін = Карлаг ОГПУ-НКВД от Столыпина до ГУЛАГа = Karlag ASPV-VKLA (OGPU-NKWD) von Stolypin bis GULAG» (2011), «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» (2011),  «Карлаг: пространство и судьбы: проект «Ландшафты политических репрессий 30-50 гг. XX века Карлага (2013), сондай-ақ «Азалы кітап» (1999) авторының бірі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (2002), облыс әкімі сыйлығының (2006) лауреаты.

2 қабат, конференц зал

Дата: 

16 May, 2018 - 12:00 to 13:00