Мәдени шаралар дайджесті. Қыркүйек.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Жадыраған жаз да аяқталып, салқын самал ескен  тынған күз де келіп жетті. Табиғатта ғана күз мезгілін тынық, баяу деп айтуға болады, ал біздің кітапханада күз басталысымен нағыз қарқынды жұмыс басталады. Қыркүйек айы жоспарланған іс-шаралармен қоса, айтулы даталар мен мерейтойларға арналған кітап көрмелері, әңгімелер, көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

4-қыркүйек (дүйсенбі)

«Отбасы тәрбие бастауы=Семья начало всех начал» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Кітап көрмесінің материалдары 2013 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне арналған. Президенттің Жарлығына сәйкес мереке қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.
3 қабат, оқу залы.

5-қыркүйек (сейсенбі)

Жазушы, ақын, драматург А.К.Толстойдың 200-жылдық мерейтойына арналған «Искатель высшего всеединства» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
2 қабат, абонемент

11 қыркүйек (дүйсенбі)

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Язык – опора согласия. Тіл – татулық тірегі» атты көрмесі өтеді.
3 қабат, оқу залы

12 қыркүйек (сейсенбі)

«Трудом прекрасен человек. Адам еңбегімен әдемі» атты кітап көрмесіне шақырамыз. 2013 жылдың қараша айында Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев Жарлығымен Еңбек күнін қыркүйек айының соңғы жексенбісінде мерекелеуді жария етті. Көрме материалдары еңбек адамдары, жұмысшы мамандықтары жайлы әңгімелейді.  
3 қабат, оқу залы

19 қыркүйек (сейсенбі)

Филолог, филология ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин премиясының лауреаты,  Қазақстан Республикасының ғылымға еңбегі сіңген қайраткері Т.Кәкішевтың туғанына 90-жылдық мерейтойына арналған «Ғылым мен сын сардары» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
2-қабат, конферен залы

20-қыркүйек (сәрсенбі)

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССРнің мәдениетке еңбегі сіңген қайраткері Шерхан Мұртазаның 85-жылдығына арналған «Дәуірдің шынайы суретшісі» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
2-қабат, абонемент

24-қыркүйек(жексенбі)

Халықаралық қарттар күніне орай Әдеби қонақжай клубы ұйымдастырған «Возраст – не помеха» атты ретро-кешінің қонағы болуға шақырамыз.
2 қабат, конференц зал

26 қыркүйек (сейсенбі)

Абай атындағы Семей қ. ОӘКмен бірге өткізілетін онлайн конференцияға қатысуға шақырамыз. Онлайн конференция қазақтың ұлы жазушысы, драматург, қоғам қайраткері М.Әуезовтың 120-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылады.

Әуезов Мұхтар Омарханұлы – жазушы, қоғам қайраткері, КазССРҒА академигі, Қазақстандағы тұңғыш филология докторы, профессор, КазССР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей уезі, Шыңғыс болсында дүниеге келген. (қазіргі Семей облысы, Абай ауданы). 1961 жылы қайтыс болды.

Драматургияның шарықтау кезеңі Әуезов шығармашылығымен байланысты. Ол 20-дан астам пьесса жазды, сондай-ақ Н.Гогольдің «Ревизор», У.Шекспирдің «Отелло» мен «Укрощение строптивой», Н.Погодинаның «Аристократы», К.Треневаның «Любовь Яровая», А.Кронаның «Офицер флота» сынды әлемдік және орыс драматургиясының классикалық шығармаларын қазақ тілдеріне аударды.

Әдебиеттану ғылымына айтарлық үлес қосқан Әуезовтың қазақ халқының ауызекі – ақындық өнерін ғылыми зерттеу түрінде  «Манас» эпосы, Абай мен басқа да классиктердің  шығармашылығы жатады.

«Абай жолы» көптомдық эпопеясы әдеби мұраның шарықтау шыңына айналды. Жазушы өмірінің соңғы жылдарында қазіргі заман жазушылары туралы «Племя младое» атты жаңа эпопеяны жазу жұмысымен айналысты.
3 қабат, оқу залы

26 қыркүйек  (сейсенбі)

Өлкетанушы Ю.Г.Поповтың 80-жылдық мерейтойына арналған  «Прикосновение к истории» кітап көрмесіне шақырамыз.

Попов Юрий Григорьевич  (1937 ж. т.), өлкетанушы, техника ғылыми кандидаты. Қарағанды политехника институтын, Скочинский атындағы тау-кен институтының аспирантурасын бітірген. Қарағандыда ҚҒЗКИ ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық инстититутында қызмет етті, ғалым-хатшы болды. 1962 жылдан өлкетанумен айналысып келеді. Велотуризммен шұғылдана жүріп, Арқа өнірінің өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып көптеген мақалалар мен кітаптар жариялады. Қарағанды өңіріне қатысты шығармалары: «Каркаралинские узоры» (1976 ж.), «Каркаралинские находки» (1978 ж.), «Свидание с Сары-Аркой» (1980 ж.), «Каркаралы», (1981 ж.), «Қарқаралы тарихи-географиялық очерк» (1984 ж.), «Их помнит Сары-Арка» (1989 ж.), «Дорога на Коунрад» (Н. Русаковамен бірге, 2000 ж.).
2 қабат, өлкетану бөлімі

27 қыркүйек (жұма)  12.00

2017 жылғы 27 қыркүйекте "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VІІ Қасым Аманжолов оқуларына шақырамыз. 2017 жылы Қасым Аманжолов оқулары байқау түрінде өтеді. 
Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынасады:

1. "Дүниеге келер әлі талай Қасым" - жас дарындардың дауылпаз ақынға арнаған өз шығармалары.

2. "Қазақ аспанында – Қасым рухы" - ақынның шығармашылығы бойынша эссе жазу.

Қ.Аманжолов оқулары Қ.Аманжолов атындағы аллеядағы Қасым ескерткіші алдында өтеді. Дәстүрлі түрде Қасым оқуларына жас ақындар, Қарағанды ақындар клубтарының белсенділері, оқушылар мен студенттер қатысады.
Қ.Аманжолов атындағы аллеядағыҚасым Аманжолов ескерткіші.