Сән әлемі

Ағаш көркі-жапырақ,

Адам көркі-шүберек.

Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар.Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы әрі сәнді киім кие алады.

Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киімді тігісті және тігіссіз деп бөледі.

Киім демекші киімнің алғашқы қауымдық кезеңдегі түрлері тері мен жапырақтан жасалғаны белгілі. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға байланысты бөліне бастағаннан кейін киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік бойынша бөлетін болды.

Бүгінгі дамыған заманда киімнің қандай түрін болса да өз қалауыңша табуыңызға болады. Қазақстандық дизайнерлер қазіргі таңда жоғары жетістіктерге жетті. Аида Кауменова, Ая Бапани т. б. дизайнерлер отандық жұлдыздардың ортасында өте танымал.

Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын дизайнерлеріміз көп болмаса да, бар. «Шебердің қолы ортақ» дегендей, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, жүргізушілері т. б. отандық киімдерімізді кие бастады.

Костюм  (фр: Costume – киім-кешек ) - белгілі бір ұлттың, дәуірдің әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Костюм – өнер туындысы киім үлгілерінің пішіндерінің ауысуы қоғаммен бірге өзгеретін эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.

Киімде бірнеше: Классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады. Киімге сонымен қатар, қосалқы сән беруі үшін әшекейлі әр түрлі бұйымдар пайдаланған.Олар: сырға, алқа, білезік, сақина т. б. көптеген бұйымдар бүгінде ұлттық нақыштағы стилімен сәнге айналып тұр.

Қазақстанның қазіргі сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Көненің құндылықтарын біздің заманымызға жеткізуге тырысады.

Үйлесімді түстер: қара-қызыл, қара-ақ, жасыл-сары, қоңыр-сары, ақ-сары, ақ-көк.

Біздің кітапханадағы өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітап қорында сәнгерлік, қолөнер, бейнелеу өнеріне қатысты кітаптар мен фотоальбомдар баршылық.

Атап айтар болсақ: «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері», «Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері», Ғ. Қайдауылқызының «Киелі кимешек», «Қазақтың ұлттық киімдері», Ә. Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ», Қ. Әмірғазин «Қазақтың қолөнері», Г. Мәуленова «Дизайнерлерге арналған практикум», Р. Шойбеков «Қазақ зергерлік өнері», С. Жұмағали « Нұрәсем», С. Асанова «Сымбат», «Қазақтың ұлттық киімдері» т.б.

Сұлу болайық, әдемі болуға ұмтылайық! Сіз әдемі болсаңыз алдымен өзіңізді сыйлағаныңыз! Сұлулық бар жерде жан тыңыштығының бар екенін ұмытпайық!

Құдайберген А.Е.,өнер туралы әдебиеттер бөлімі