Ұлттық өнер – өміршең қазына

Тұрмағамбетова Б.  Ұлттық өнер – өміршең қазына: Ғылыми зерттемелер мен мақалалар. – Алматы, 2013. – 360+8 түрлі-түсті жапсырма бет.

Бабалар аманатының жаңашыл сипатқа ие болып, бүгінгі кеңістікте өз өміршеңдігін дәлелдеп, биік өреге көтерілуінде, ең алдымен қазақтың дарынды өнерпаздарының шығармашылық үлесі мол.

Қолыңыздағы жинаққа дәстүрлі музыкалық мұрамыз, оның әртұрғыдан игеруді қажетсінетін өзекті мәселелерін көтерген зерттемелер мен бай руханиятымызды жаңа ғасырға жалғастырушы дәнекерлер, өз бойындағы сирек кездесетін өнерімен мәдениетті жасаушы, көркейтуші тұлғалардың шығармашылық келбетіне арналған мақалалар еніп отыр.

Ғылыми ізденістерде батыс аймағындағы өзара байланысты өңірлік әншілік мектептер жеке-жеке қарастырылады. Маңғыстау мен Мұхит дәстүрінің арасында қалыптасқан Жылой өңірінің өзіндік ән мектебінен осы жерден жиналып, нотаға түсіріліп ұсынылып отырған он екі халық әні хабар береді.

Аттас туындылар Ғ. Құрманғалиевтің, З. Есбергенованың, К. Тасболатовтың, Ж. Сәрсенғалиевтің, Ж. Тұрманбетованың репертуарларынан жиналып отыр.

Кітапта қазақпен бірге жасайтын ұлттық музыка мәдениетінің сан алуан тақырыбына арналған, ән мен орындаушылық проблемаларына қатысты жазылған автордың ізденістері кеңінен ұсынылып отыр. Жинақта музыкатанушының соңғы онжылдықта іргелі-ғылыми еңбектерде, республикалық және халықаралық конференция жинақтарында жарық көрген зерттемелері мен отандық және шетел мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары іріктеліп берілген.

Еңбек өнер зерттеушілеріне, ізденушілерге және жалпы өнерсүйер оқырманға арналған.

Кітаптағы ғылыми тұжырымдар мен тың мәліметтер, ноталар кәсіби орындапушыларға, мәдениеттанушылар мен музыкатанушыларға, ізденушілерге  қажетті бола алады деп ойлаймыз.

Келіңіздер, кітаппен танысып, ұлттық өнердің қазынасынан қалыс қалмаңыздар! Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Сіздерді асыға күтеді! Келіңіздер! Оқыңыздар!