Кейкі батыр

Тұрғынбекұлы, С.  Кейкі батыр [Мәтін] : жинақ / С. Тұрғынбекұлы. - Астана : Фолиант, 2017. - 317 б. - (Рухани жаңғыру)

Керемет Кейкі деген батыр өткен,

Қазақтың ондай жан жоқ баласында...

Батырсыз ел болмайтыны әмбеге аян. Әр батырды уақыттың белгілі бір кезеңі тудырады. Тарихтың қатпар-қатапар қойнауына терең бойламай-ақ, бергі Абылай хан дәуірінен кешегі Отан соғысына дейінгі аралықта бір қазақтың өзінен қаншама батырлар шықты десеңші! Әрқайсысының өмір жолы батырлық ісі жазып-зерттеген кісіге бір-бір роман, бір-бір хикая-дастан боларлық бұл тұлғалардың тарихи жылнамалары жасалып жатқан да болар. Адам айтса нанғысыз ерлік аңызы бар біз білмейтін қазақ батырлары уақыт үрдісінің күшімен оянып, қайта тіріліп, туған ел-жұртына қайта қауышып жатыр.

Солардың бірі халқымен қайта қауышып, ерлік істері ұрпақ жадында қайта жаңғарған батыр Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы.

Есімі мен ерлігі ел аузында аңызға айналған тағдыры күрделі дара тұлға жайында Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» кітабын назарларыңызға ұсынамыз.
Кітап 2017 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген. Шығарма 1916 жылдары Ел Тәуелсіздігі үшін күресіп, жанын пида еткен, мергендегі мен ерлігі ел ішінде аңызға айналған хас батыр Кейкі Көкембайұлының өмір тарихы, талайы тағдыр жан-жақты баяндалған. Кітапты сондай-ақ көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлы мен белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбектің алғы сөздері қоса ұсынылған.

Кейкі Көкембайұлы - палуан денелі, түсі суық, ашуланғанда екі көзі қып-қызыл от болып жанып кететін, бірбеткей, қайсар адам болған. Қолына құран ұстап, намаз оқыған. Жастайынан садақ, мылтық атып, ат құлағында ойнаған өнері тағы бар. Халық арасында «Аманкелді көз мерген. Кейкі қол мерген еді» деген сөз айтылады. Мұның сыры-Сардар қай нысананы да көздеп атқан және көздегенін ешқашан мүлт жібермеген. Ал, Кейкі болса, кез-келген нысананы атпен шауып, жаяу, жүгіріп келе жатып шапшаң атып түсіре берген. Оның жастайынан мылтық атуға әбден машықтанғаны соншалықты, қандай қимыл үстінде де екі қолы мылтықты нысанаға дәл ұсынатын. Кейкінің атақ даңқын шығарған екінші өнері оның-небір ат ойынын жетік білетіндігі, ат үстінде сойыл, шоқпармен шебер шайқасқандығы. Торғай даласында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресті көрнекті ұйымдастырушылардың бірі, Кейкі Көкембайұлы http://e-history.kz/kz/publications/view/2824 1923 жылдың наурыз айында Аманкелді ауданының Жыланшық өз ені жықпылындағы Жалаулы деген жайлауда айуандықпен өлтірілген.

«Кейкі батыр» дастанының тілі көркем, оқиғасы әсерлі, мазмұны мен ойы мағыналы. Кітап туған жерінің тарихын қадірлей білетін қалың оқырманға арналған.

Елін сүйіп еңіреп, жерін сүйіп жан беріп, қайран қазағы үшін қаза болған хас батыр, ғажап мерген Кейкі  туралы оқып, пікір білдірейік достар!