Уық шаншылған Ұлытау

Уық шаншылған Ұлытау [Мәтін] : [кітап-альбом] / құраст.: Ғ. Ештанаев, Б. Мырзабеков, С. Смағұл. - Алматы : Аспантау, 2017. - 309 б. : түрлі-түсті фотосурет. - (Рухани жаңғыру).

Ұлытау – тарихы ғасырлардың терең қойнауына кететін, ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз ақ боз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып, ел болып ғұмыр кешудің келелі мәселелерін шешкен, киелі де құнарлы, әлі қазыналы өлке.

Осы өлке туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Уық шаншылған Ұлытау» атты кітап-альбомымен таныс болыңыздар. Кітапхана қорына түскен кітап-альбом жергілікті ақындар Ғазиз Ештанаев, Батырбек Мырзабеков, Сара Смағұловалардың құрастыруымен 2017 жылы Алматы қаласы, «Аспантау» баспасынан жарық көрді.

Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаша хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке. Бұл өлке – ежелгі дала өркениетінің, шаруашылығының мәдениетінің алтын бесігі іспетті.

Еңбектің қазақ елінің өткен тарихын танып білудегі, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі мәні зор.

Тым көне, бізден алыс замандардың өзінде осы өңірді ел мекендеп, құтты қоныс еткен Ұлытау-Жезқазған өңірімен таныс болыңыздар.