Таныс болыңыз, жаңа кітап!

Шанин, Ж. Т. Арқалық батыр [Мәтін] : [пьесалар мен мақалалар] / Ж. Т. Шанин ; құраст. Р. Нұрғалиев ; алғы сөз авт. Р. Нұрғалиев. - Алматы : Өнер 21-ғасыр, 2017. - 380 б. : фот.

Н.В.Гоголь атындағы кітапхана қорына қазақ халқының ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосқан актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссерінің бірі Жұмат Шаниннің  «Арқалық батыр» кітабы түсті.

Кітаптқа Ж.Шаниннің шығармашылық ой-қиялынан туған комедиялары, драмалары мен трагедиялары, әр кезде жазған мақалалары, сонымен қатар ол жайында өз замандастары мен кейінгі ұрпақ өкілдерінің жазған мақалалары жинақталып, қалың оқушы қауымға ұсынылып отыр.

Халық өміріндегі жоталы тартыстар, белді оқиғалар өнер туындыларында сан алуан жолмен бейнеленеді. Сондай әр жанрда жазылған Ж.Шаниннің «Айдарбек», «Торсықбай», «Жанды су». «Шахта» т.б.  пьесалары осы кітапқа енгізілген. Сонымен бірге автордың ең шоқтықты туындысы қазақ фольклоры мен драматургиясы арасындағы күрделі байланыс мәселесін қарағанда ерекше тоқталатын шығарманың бірі – «Арқалық батыр» трагедиясын оқи аласыздар.