Қадірменді өлең сүйер қауым!

15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күні, ғашықтар күні. Бұл күнге елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?! Әрбір жан алғашқы махаббатын еске алып, жанжарымен кездескен сәттерді еске түсіретін күн емес пе? Жас жігіттер мен бойжеткендер үшін – есігін айқара ашар үміт күні, батылдылыққа  итермелейтін күн.

"Махаббат – мәңгі ертегі, Көңілдің күйін шертеді"- дегендей, дәл осы мереке күні

15 сәуір,сағат 15.00-де

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін

"Біз екеуміз бірге болсақ – өлеңбіз..." атты Өмір мен Өлең айдынында бірге жүзген,

қос ғашық Рауан Қабидолдин және Айзада Рахымжановамен болатын

кездесу кешіне шақырамыз.