Заң білу – заман талабы

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Қандай мемлекет болмасын оның ғасырдан ғасырға өскелең ұрпақ арқылы тасқа басылып мұраға қалдырған заңдары болады. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған. Мемлекетіміздің қысқа уақыт аралығында өз Конституциясын қабылдағаны талайларды таң қалдырғаны хақ.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек.
Аянбай тер төгіп, күндіз-түнгі маңдай тер еңбегің құмға су құйғандай зая кетсе, қандай күйде боласыз? Иә, төбеңнен тоқпақпен ұрғандай күйге душар боласың. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – осы рас па? Күдігіміз бар. Қазіргі нарықтық заманда өз еңбегіңді қымбат бағалап қана қоймай, қауіпсіздікті де ескеру керек. Ел еңбеккерлері жұмыс берушісінің қойған талабымен келісіп қана қоймай, сондай-ақ өзі де шарт қойып үйренуі керек. Оған қалай қол жеткізуге болады?

Жұмыс берушінің алдаушылығы мен «құлдық» жұмысынан сақтанудың жолдары бар екен. Кез келген қазақстандық өз қалауы бойынша жеке еңбек шартын өзгертуге құқылы! Өкініштісі, мұндай мүмкіндікті барлығы біле бермейді екен.

  • Негізі Қазақстанда және басқа елдерде де компаниядағы әр қызметкердің бабын табуға тыйым салынбаған. Кейбір ұйымдарда оны тіпті қолдап, іске асырады. Бірақ ол дамыған елдерде ғана жүзеге асырылуда. Ал посткеңестік елде әр қызметкермен қалыпты үлгідегі құжатпен келісімге отырады. Онда стандартқа сәйкес ереже көрсетілген. Өзіне қолайлы шартты – білімі мен тәжірибесі мол, яғни қымбат бағаланатын маман таңдап алады. Солайша ол өз еңбегін жалақы зардабынан құтқарып қалады. Ал қалғандарымен кадр бөлімі қымсынбайды – қолыңды қой немесе жөніңді біл. Неге екені белгісіз, бастықтардың құқысы қол астындағыларға қарағанда көбірек.

 «Заң бойынша келісім-шартта қандай да бір үлгі бар. Бірақ біздегі нарықтық қарым-қатынаста жұмысшы өз күшін, шеберлігін, білімін сатады, ал жұмыс беруші оның мүмкіндігін, білікті және сапалы істеген еңбегін сатып алады. Менің пайымдауымша, қазіргі заманда жұмысқа тұрушы азамат өз қызметімен қоса, жұмыс шартымен де келісіп алуы қажет! Бірақ бұл жоғары білікті мамандарға қатысты шарт. Алайда Қазақстанда аталмыш үрдіс барлық жерде қолданылмайды.

Дүние жүзіндегі қазіргі озық ойлы қағида жарғыларымен теңдесетін Конституциямыздың қадір-қасиеті әрқайсымыздың азат елімізді сүйіп, кең-байтақ еліміздің өсіп-өркендеуіне жеке үлес қосуымызбен асқақтайтынын шынайы сезінуге қызмет етеді, ал біз елге қызмет етуге тиіспіз.

Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Заңға байланысты көптеген сұрақтарды мерзімді басылымдар секторынан «Заң»,  «Заң және заман»», «Zan'ger» журналдары, «Юридическая», «Заң» газеттерінен оқи аласыздар.

Мерзімді басылымдар секторы Күлмағамбетова Г.С.