Сыныптан тыс оқу

Міне, жадыраған жаз да келіп жетті. Оқушы қауымы үшін арқаны кеңге салатын кез келді. Пән мұғалімдерінің берген тізімі бойынша сыныптан тыс оқитын әдебиеттерді іздейтін бала кітапхана жағалайтыны сөзсіз. Кей ұстаз төрт тоқсанға 4 қана кітап берсе, көпшілігі жыл бойы оқитын авторларын оған қоса бағдарламадан тыс төрт автордың шығармаларын ұсынады. Жаз бойы уақыт тауып ,оқып келіп, өтетін авторыңның шығармаларын оқушың біліп,сайрап тұрса қандай қуаныш! Оқушының күнделігі сияқты «Сыныптан тыс әдебиеттерді оқуым» атты дәптері болса құба-құп. Міне, осындай әрекеттер оқушының кітап оқуға, түсінгенін қысқаша қорытып жазуға жетелеп, оқу жылдамдығы мен жазба сауаттылығын арттырады. Тапсырма беруші ұстаз жыл соңына таман сынып жетекшісі мен ата-анасына да баланы қадағалауды ескертсе көңіл қуантарлық нәтиже беретіні сөзсіз.

Біздің кітапханамызда сыныптан тыс оқуға ұсынатын кітаптар бар. Кітап оқу –асқан байлық,құндылықты игеру кені. Келіңіздер, үлкендер, өзіміз де, балаларымыз да, достарымыз да кітап оқиық!

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева А.С.