Қызықты психология

Құрметті, біздің «Гоголевка» блогының тұрақты оқырмандары! Өздеріңізбен «Ұлттық психология» бөлімі бойынша келесі «Қызықты психология» тақырыбы жайындағы мәліметпен бөліскелі отырмын.

Психология сыры.

Психология – әлі толық зерттеліп бітпеген, адамның жан жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Адамның кейбір әрекеттеріне бүгінде психологиялық анықтама табылса, кейбірі әлі түсіндірілмей келеді. Тіпті адамның өзі көп іс-әрекетін түсіндіре алмайтын кездері көп. Олардың бәрі сананың түбінде жатады, бейсаналы түрде орындалады. Мысалыға, біз көбіне ата-анамызға ұқсас адамдарға ғашық боламыз. Мұның себебі ата-анамызбен балалық кезден шешілмей келе жатқан мәселелерден екен. Ерексіз түрде біз есейген шақта сол мәселені шешіп алғымыз келеді.

Адам тану жайындағы ғылымдар арасында жетекші пән психология. Жеке адамды әр қырынан тануға мол мүмкіндік беретін қызыққа толы психологиялық мәліметтер көп. Демек, бұл салада әр тұлға өз-өзін толықтай тануына әбден болады деген сөз.

Осы орайда, мен сіздерге жеке адамға тән мінез, қабілет, темперамент жайында айтқым келіп отыр. Мінез бен темперамент және қабілет адам психикасының тұрақты қасиеті. Мұндай қасиеттер әдетте психикалық процестерден құралады. Мінезді, темпераментті және қабілетті тәжірибелік тұрғыдан зерттеу өте қиын. Бұлар адамның жеке басына тән болғандықтан адамның жан дүниесімен ұштастырыла отырып зерттеледі.

Психологияда қабілетті адамның тиісті істі меңгеруге икемделген мүмкіншілігі деп сипаттай алады.

Психологияны оқып меңгерудің еш қиындығы болмайды. Бұл тұрғыда адамды өзіне тартатындай кітаптың болуы шарт дегім келеді.

Адам жан дүниесін бақытқа бөлейтін сыртқы эмоциясы деп білемін. Өйткені, сыртқы жан дүниемен берілетін сезім түрлері ішкі жан дүниемен тығыз байланыста болады.

Қызықты психология әлемі көбіне психологиялық тренингтер мен әр түрлі ойындарды қарастырады. Яғни, ойын мен тренинг арқылы бір-бірімен танысуға, қызықты ақпарат жинауға мүмкіндік мол болады.

Рухани байлық бұл асыл қазынаның бірі – кітапта екенін ұмытпайық, ардақты оқырман! Әр күнде әдебиет оқуға асығыңыздар! Кітапхана есігі жаңа оқырманына қабылдауға әрдайым ашық!

Кітапхананың оқу залдары қорындағы психология тарауы аясында сұранысқа ие кітаптар тізімін өздеріңізге таныстырып өтсем;

  • Жұмасова, К. Психология. – Астана: Фолиант,2017. – 400 б.
  • Алдамұратов, Ә. Қызықты психология. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 112 б.
  • Жарықбаев, Қ. Жалпы психология. – Алматы: Эверо, 2004. – 378 б.
  • Көпжасарова М. Психологиялық педагогика. – Алматы: Экономика, 2010. – 192 б.

Оқу залдары  кітапханашы - Тусупбаева М.