Көп күткен көктем еді

Нүсіпұлы Е. Көп күткен көктем еді. Повестер мен әңгімелер. / Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2017. - 256 бет.

Махаббат тақырыбына соқпаған ақын-жазушы кемде-кем шығар. Солардың бірі - қытайлық қазақ жазушысы Ербақыт Нүсіпұлы. Ербақыттың жұп-жұмыр,қысқа әңгімелерінде де, повестерінде де бір-бірін құлай сүйген көңілдер де, тіршілік түйткілдері де шынайы  түрде ашып көрсетіледі. Жазушы прозасының тілі жеңіл, оқиғалары тартымды. Кітапты қолыңызға алғаннан-ақ ыстық ықылас пен мөлдір сезімге толы шығармаларын қалай оқып біткеніңізді де байқамай қаласыз. Ербақыттың шығармалары өзіндік бояуға ие, оқып көріңіз.