Жеңісұлы Е. Шуақ

  Жеңісұлы Е. Шуақ: Өлеңдер және әңгімелер -/ Е.Жеңісұлы – Алматы: «ҚАЗАҚПАРАТ», 2017 – 240 бет.

Ақын  Есей Жеңісұлының  бұл  кітабына   уақыт лебін, заман тынысын сездіретін  ойшыл өлеңдері мен   бір топ әңгімелері еніп отыр.Кітап «Өмір жыры», «Дәуір жыры», «Бақыт жыры», «Жүрек жыры», «Желі жыры» атты бөлімдерден тұрады.  Әрбір өлең жолдары шынайылығымен өзіне тартады. Әңгімелеріне келер болсақ,  балаларға арналған «Мынау ғазиз дүние» атты хикаятын оқыған  едім.Балалық шақтың балдәуренін бастан кешкен жаңалыққұмар қабылтай, мақсаткер Мұқан тәрізді балалардың бүгінгіқиялы мен дүниетанымы қызықтырса, «Шуақтың» ішіндегі «Айсәуле», «Жесірлер», «Бәйге», «Бақытты ит», «Шын», Серт», «Араша» атты  әңгімелері де  дәуірге үн қосқан шынайылығымен, шыншылдығымен ерекшеленіп тұр. Кәрі бойдақ қайнысы Ғұмырды қызбен таныстыруға ұмтылатын жайдары жеңге әрекеттері, жан жарын өлімге қимаған Гүлімді босатқан «Сағындың ба?» әнінің құдіреті,бәйгеге ат қосқан Ілестің жеңіс пен жеңілістен тұратын өмір бар екенін түсінуі, шындықты естіген Асқаржан бейнелері де маңыздырақ.  Оқыңыз , өкінбейсіз,сізді ойлантатынына кәміл сенемін.