Көне және құнды кітаптар әлеміне саяхат

«Кітапханадағы жаз» шығармашылық алаңының бүгінгі сабағында «Негізгі қорларды сақтау» бөліміндегі өте сирек және құнды кітаптар топтамасынан үш тілде балаларға арналған «Көне және құнды кітаптар әлеміне саяхат» атты көрме ұсынылды. Көрмеге қойылған  кіші көлемдегі спорт тақырыбына, сондай-ақ, балалардың күнделікті көгілдір экраннан көріп жүрген мультсериал кейіпкерлері: ниндзя, гоблиндер, диназаворлар және де әлемнің жеті кереметі мен жан-жануарлар әлеміне арналған арнайы көзілдірігі бар ерекше безендірілген 3D-форматтағы кітаптардың суреттерін балалар үлкен қызығушылықпен тамашалады. Ерекше көрме балалардың көңілінен шықты деген ойдамыз. Олай дейтініміз – кітапқа, оқуға деген қызығушылықтары балғындардың көзқарастарынан байқалып тұрды.

Негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы Оспанкулова Б.З.