Түнде атылған оқ

Тоқаев К.  Түнде атылған оқ. Повестер. – Астана: Елорда, 2007. - 368 б .

Кемел Тоқаев - артына мол мұра қалдырған қаламгер. Оның әр жылдарда жарық көрген  повестері мен романдары оқырман қауымынан өз бағасын алған. Мені қызықтырған бұл кітапта «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға», «Түнде атылған оқ», «Таудағы жаңғырық» атты еңбектері бар. Бұл шығармаларда еліміздің қауіпсіздігін, адамдардың тыныштығын қорғау жолында еңбек етіп жүрген сақшы қызметкерлердің Отан, халық алдындағы парыз - міндеттерін терең сезініп, күн-түн демей жан аямай жасаған табанды да жанкешті әрекеттері барынша шынайы суреттеледі.

Қаламгердің әр шығармасы өмірден көрген - түйген жайлардың, бастан кешкен кезеңдердің әсерінен туындап, дәуірдің кейіпкерлерін сомдау арқылы қоғам мен өмірді боямасыз суреттей білген. Повестердің сюжеті ширақ, оқиғалары шынайы,тартымды оқылады. Кітапханамыздың қорында 1965 жылы шыққан «Замандас сыры» кітабы және «Солдат соғысқа кетті», «Түнде атылған оқ»,таңдамалы шығармаларының 2,5 томдықтары бар. 5томдықтың түйінді сөзі ретінде берілген баласы Қасым - Жомарттың «Әке туралы ой - толғау» эссесі де қызықты. Оқып көріңіз, шытырман оқиғалы деректі дүниелер берген қазақ жазушысының еңбегін бағалайтыныңыз анық.