Спорттағы Қазақстан

Құрметті, Гоголевка блогының оқырмандары өздеріңізге «Ұлы Дала Елі» бөлімінің кезекті шығарылым ақпаратын ұсынамын. Бұл ақпараттан сіздер Қазақстандағы спорт жайлы біліп, таныса аласыздар.

«Нар жолында жүк қалмас» демекші, XX ғасырдың 60-70 жылдары қазақ спортының алтын кезеңі болып бастау алды. Міне, бүгінге дейін қазақ спортының ақсаған кезі болған емес, керісінше мықты қатысушылар саны көбейіп, жанкүйерлер жалауы жоғары көтеріліп келеді.

Қазақ жерінде республикалық, облыстық спорттық іс–шаралар жылда өткізіліп келеді. Негізінде әрбір спорттық шараның бойтұмары сол елдің ұлттық бренді ретінде халық жадында сақталып қалуы тиіс. Біздің еліміздің тұмарына барыс бейнесін лайық деп тапқан. Яғни, тәуелсіз Қазақстанның бет-беделін білдіретін белгісі ретінде қабылданған. Осы тұмардың тереңіне үңілсек, қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ойындарда қол жеткізген табыстарын мойындау деген сөз.

«Бұл - Қазақстан спортының жеңісі» деп еліміз шежіресіндегі елеулі тарихи оқиға саналатын қысқы Азияда ойынын айта аламыз. 7-қысқы Азияда ойындары біздің халықтың спорттық тарихындағы шоқтығы биік оқиға екеніне ешкім дау айта алмады.

VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азияда 2011 жылдың 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Елордада мәнерлеп сырғанаудан да, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтті. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізілді. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Азияның көптеген елі Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны дайындау және өткізу Қазақстанның түрлі саладағы көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп, ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі түрде растау болады.

Спорт мәңгілік ғұмыр. Спорт түрлері қай уақытта да адамдардың арасында кең тараған өнер, өз өмірінде күш пен шапшаңдық, шыдамдылық пен ептілік жағынан сынға түспеген адамдар некен-саяқ шығар.

Спортта жеңімпаз атану өте ауыр да, қиын жол. Осы жолда жалықпай жаттыққан, тамшылатып тер төккендер, шыдам мен жігер танытқандар ғана жеңіс тұғырына көтеріле алады. Қазақстаннан шыққан спорт жұлдыздары көк байрағымызды әлемге танытып жүргені баршамызға мәлім.

Қазіргі қазақ спортының дамуына халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, қыз қуу, белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық ойындар ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз. Сонымен, еліміздің елеулі спорттық жетістіктерінің шежіресін есімізге түсіріп көрейік. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін. Бұған дәлел ретінде тарихтан білетін қазақ халқының мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының, Балуан Шолақтың, Серік Қонақбаевтың жетістіктерін айтуға болады.

Спорт дегенде алдымен Олимпиада ойындары ойға оралады. Өйткені төрт жылда бір өте­тін бұл ойындар шын мәнінде спорт­тың ең биік шыңы болып саналады. Бұл ретте Қазақстан спортшылары қалың елін жерге қаратқан емес. Егер салыстырып бағаласақ, бұрынғы Кеңес одағының құра­мындағы республикалар арасынан шоқтығымыз биік көрінеді. 

Әлем чемпионаттарындағы көрсеткіштер бойынша, Қарағанды облысының спортшылары көш басында келеді. Қарағандылықтар 8 жылда әлем чемпионатының 7 медаліне ие болды. Бұл Қазақтанның спорттағы көрсеткен шеберліктері. Жастардың көбі командалық спорт түрлерін жақсы көреді. Футбол, баскетбол, хоккей. Кейбіреулер нәтижесі тек өзіне байланысты бокс, таэквандо, шахмат, суға секіру, парашютпен секіру т.б.с.с. спорт түрлерін ұнатады. Міне, осыншама спорт түрлерінің арасынан өзіне бейім, бойындағы талантын жарқыратып көрсететін спорт түрлерін табу оңай емес.

Әр спортшы сол таңдауды дұрыс таңдауға құқылы деп білеміз. Спорт төріндегі қазақ елін көру еліміз үшін асқақ абырой мен биік мәртебе.

Кітапхана қорындағы спорт бөлімінің әдебиеттер тізімімен танысыңыздар;

  • Спорт ғұмыр. Естеліктер / Баспагерлер мен кітаптаратушылар ассоциациясы, 2014. – 164 б. суретті.
  • Кенжалин Ж. Қазақтан спорт жұлдыздары: Очерктер, мақалалар. – Алматы: Жалын, 1985.  – 128 б.
  • Рысбек Қ. Қазақ олимпиадашылары: тарихи - деректі басылым. – Көп томдық. – Астана, Жарыс, 2011.
  • Найманбаев Қ. Даңқ тұғырында: Деректі хикаяттар. – Алматы, Білім, 2014. – 264 б.
  • Жолымбетов Ө. Спорт әлемі. Балаларға арналған спорт анықтамалығы. – Алматы: «Сөздік - Словарь», 2010. – 472 бет.

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.