Қобыз өнері

Қосбасаров Б. Қобыз өнері: Музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу құралы / Б. Қосбасаров. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2018. – 172 бет.

Қобыз сазында жан дүниені шымырлатып, жүректі тербейтін ерекше үн бар. Оның адам дауысына ұқсас қоңыр қою дауысы қыл ішектен төгілген мұңды үні тыңдаушы көңіліне ұялап, халқымызға рухани азық болып келеді. Қобыз күйлерінде ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасқан өзіндік орындаушылық ерекшелік бар. Ойнау әдісінің қиындығына қарамастан қобыз аспабы ертеде халық арасында кеңінен тараған. Қобызшылардың ойнау мәдениеті жоғары дәрежеде болған. Аты аңызға айналған Қорқыт, Қойлыбай, Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев және Дәулет Мықтыбаевтар қобыз өнерінің ірі өкілдері болып саналады.

Автор өзінің көп жылғы ұстаздық және қобызшы ретінде жинақтаған тәжірибесін осы кітап арқылы беріп отыр. Қобызда ойнауды үйрену қыр-сыры, оған берілетін әдістемелік кеңестер, оң қол мен сол қол саусақтарының аспапқа қалыптасуы, саз сарынына лайықты үннің шығуы, қобыздың ұлттық нақышы мен жалпы табиғаты жайында лайықты дәріс беріледі, сондай-ақ кітаптан қобыз өнерінің ірі өкілдері туралы мол деректер таба аласыз.

Оқу құралында халық күйлері, халық композиторларының шығармалары мен Қазақстан композиторларының қобыз күйлері дәстүрінде жазылған бірқатар еңбектері еніп отыр.

  Кітап музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнер сүйер қауымға арналады.

 Келіңіздер, кітаппен танысып, ұлттық өнер қазынасын болашақ ұрпаққа  бірге дәріптейік!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Сіздерді асыға күтеді! Келіңіздер! Оқыңыздар!