Таңдамалы. Әңгімелер.

Нұрмағанбетов Тынымбай  Таңдамалы. Әңгімелер. 1- том. - Алматы, «Өлке», 2005. - 320 бет.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Бірлік» ауылының тумасы, белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағамбетов проза жанрында,әсіресе, әңгімелер жазуда өнімді еңбек етті. Әңгімелерінің көбі ауыл өміріне арналған.Ауыл адамдарының мінез-құлқын, тіршілік-харекетін шынайы бере білген. «Жұмаға қараған түнінде» жалғызбасты Пәрікүл кемпірдің науқас болуына орай, оны күзеткен  ауылдас құрбы-құрдастарының  күлкілі қылықтары берілген. Жазушы еңбектерінде ауыл қарияларының болмысы, үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішілердің үлкендерге ізеті, халықтық, ұлттық қағидаларымыз шынайы суреттелген. «Қауын исінде» 70-ке келген қарияның 50 жылын диқаншылықпен өткергеніне куә боласыз. Тәп-тәтті қауынның дастарханға қандай еңбекпен келетінін танисыз.Қай еңбегін оқысаңыз да кейіпкердің ой-сезімін,әрекеттерін нанымды суреттеумен  қатар өмірдің өзекті мәселелерін де қозғай білген. Халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты (2001), жазушының  «Періштелердің өлімі» кітабындағы «Жыланның  уы»  әңгімесі де оқырманға  ой салар құнды дүние деп танимын.Жазушы шығармалары орыс, неміс,эстон т.б. шетел тілдеріне аударылған.Тілі шұрайлы, халықтық бояу, өрнектерге бай. Кітапханамызда жазушының көптеген кітаптары бар ,келіңіздер, оқыңыздар.