Бейсенова Ш. Мизамшуақ

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тумасы Бейсенова Шәрбану Қонақбайқызының шығармалары мені қатты қызықтырады. Журналистік қызметте жүріп өмір таныған автордың шындықты терең түсінуі мен адамдарды тануы оның шығармашылығынан  терең байқалады. Жазушы қаламынан  сан қилы әйел тағдыры жайлы оқып білуге болады. Сүзге ханым туралы – «Сүзгенің соңғы күндерін» оқыдыңыз ба? «Бір махаббат баянын» ше? Осы соңғы кітаптан кейін менің өзім Мұхамеджан Қаратаев пен Мархума туралы іздеп оқыдым. Иә, қазақ әйелдерінің тағдыры ойлануға тұрады. «Мизамшуақ» кітабының ішіндегі әңгімелері де өте тартымды. Зағипа атты ақылды келіншек арқылы «Жақсыдан қалған көз» деген қазақы ұғымды танысақ,Ақжамал арқылы қазақ әйелінің табиғатын көреміз. Жазушының  әңгімелері өмір сабағын алар түсінігімен құнды деп танимын. Шәрбану кейіпкерлері – қазақтың қарапайым әйелдері.Жазушыны:  «Қазақ әйелі табиғатының жыршысы деуге әбден болады», деп Серік Қирабаев ағамыз тауып айтқан. Оқыңыз, жазушы - ана еңбегіне риза болатыныңызға сенемін.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева Алмагүл