Ақыт шығармалары

Ақыт шығармалары : [екі томдық жинақ : ғұмырнамалық шығарма] /ред. Д. Сымайылұлы. – Алматы : [б. ж.], 2020.

Ақыт Үлімжіұлы кім? Бұл кісі туралы не білеміз? Бұл сұраққа автордың «Ақыт шығармалары» екі томдық жинақтан ғұмырнамалық шығармаларын  оқып таныса аласыздар. Бұл еңбекте автор барлық оқырманды, жас ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге үлкен ықпал етеді. Шығарманың ақыл – кеңес беретін терең тәрбиелік мәні бүгінгі таңда да, өз рөлін атқарары қақ.

I томында Ақыт туралы жазылған «Дарабоз дана», «Қажы парызы», «Ұрпақ ұлағаты» сынды  мақалалар  мен зерттеулер және өлеңдер топтастырылса, ІІ томында  «Керей ешені Мұхаммет момын», «Жеті қажы», «Хобда кенес» романдар мен дастандар толғаулар мен өлең жырлары жинақталған.

Ақыт – ағартушы, ақын, қоғам қайраткері, отаншыл демократ. Оның ел аузында жинақталмай қалған дүниелері өте көп. Атап айтсақ баспасөз беттеріне жарық көрмеген өлең жырлары Моңғолия, Қытай, Түркия елдерінде бар екені белгілі. Ғұмырнамалық жинақталу әлі де жалғасуда. Өсиетнамалары мен ғибратқа толы шығармаларын оқуға асығайық.

Кітапханамызға сыйға тартқан жаңа кітаптармен таныс болыңыздар! Бірге оқып, пікір алмаса отырайық!