Қазақ ақпаратының көшбасшысы

Қазақ мәдениеті мен өнерінің, қазақтың сөз өнерінің қара шаңырағы атанған, тыңдармандарының назарын аудартып, жүрегін жаулап, тыңдарман жүректеріне жол тапқан Қазақ радиосына биыл 100 жыл.

Уақыт бір орында тұрмайды. Заманның алға жылжып дамуы бар. Қазақ радиосы бұрын Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі жалғыз үнарна болатын. Уақыт өте тікелей әуе толқынында жұмыс істейтін көптеген тәуелсіз радиолар ашылды.

Дегенмен елдің сүйікті Қазақ радиосы қаншама жылдар көлемінде тыңдармандардың талғамын жоғары бағалап, небір танымдық жобалар ұсынып отырады. Оған дәлел, тыңдармандардан келген хаттарды оқып, сұраныстарын орындау мақсатында өткізілетін «Сәлеметсің бе, замандас» хабары,  жастардың бастарына түскен қиындықтары туралы сөз қозғайтын «Бастаңғы» хабары дәлел. Қазіргі заманғы қазақ эстрадасымен қатар, Алтын қорда жинақталған әндерді жүйелі түрде беріп отыратын сазбен көмкерілген музыкалық – көңілашар хабарламалар да бар. Онда домбыра, қобыз, сыбызғы күйлері, термелер мен жырлар, халық әндері барлығы қамтылған.

Бір ғасыр бойы ұлттық мәдениетімізді, ұлттық өнерімізді дәріптеп келе жатқан Қазақ радиосының еңбегі ерекше. Халықпен бірге ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақ радиосы әрқашан Қазақ радиосы болып қала бермек.

ТОЙ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАЗАҚ РАДИОСЫ!!!

Библиографиялық – ақпарат бөлімінің кітапханашысы Қадырова Гүлсая