Журналистің кітапханадағы бір күні

Кітапхана қаншама жастардың қанатын қатайтып биікке самғатқан қасиетті орта. Осы ортаның қызметі сырт көзге жеңіл көрінгенімен, іс жүзінде күннен күнге қиындап бара жатқандығы анық. Озық елдің қатарына қосылу үшінде оқырмандарды жаңа технологиялармен ақпараттандыру, сандық жүйеге қолжетімділік сынды әрекеттері көздің майын тамызып қаншама денсаулықты алатыны сөзсіз.

Елдегі карантин ережесін сақтап, ашық арқылы кіріп, температураңды өлшеп, антисептикті сеуіп, бетпердені киіп оқырмандарын қуана қарсы алатын кітапханашылардың бір күндік өміріне саяхат жасаған Жәлел Шалқарды не мазалайды? Жалпы мақала жазуына не себеп болды? Оны толғандырған қандай мәселе? Осы сияқты сұрақтардың жауабын көзбен көріп, жүрекпен жаза білген Жәлел Шалқарға мың алғыс.

Кітапханашы мамандығы ақпаратты оқырмандарға жеткізу, тасымалдау болса, әрбір оқырманның талабына дән себу, талантты жастарға қолдау білдіру, шығармашылығын дамыта түсу сынды ақпараттарды айнадай жарқыраған «Орталық Қазақстан» газетінің бірінші бетінен оқуларыңызға болады. Жәлел Шалқардың жазған ақпаратын оқып кітапханашыларға берген оң бағасы жүрегімізді елжіретіп, көңілімізге жылу ұялатты. Оқырмандар талабын қанағаттандыру мақсатында кейде тамақ ішуге де уақыттары болмай, өз саласына үлкен жауапкершілікпен қарап, қоғамдық атаулық мерекелерде қаланың әрбір қиырына көрме қойып, конференция , байқаулардың алдында жүретіндігі тағы бар. Қарағандының әдеби ортасының қазанын қайнатып отырған, аталып өтілетін ақын – жазушылардың мерейтойлары, шығармашылық насихаттаулары, беймәлім есімдер айдарлары, авторлардың шығармашылығын қалың оқырманға таныстыруы, денсаулығы нашар оқырмандарға кітап қолжетімділігі сынды қызметтерін атап айтпасақ болмас. 

Сарқылмас қазынаның байлығы - ол кітаптар. Авторлардың сөреде шаң басып қалмас үшін оқырмандар игілігіне ұсына білуі қазіргі кезде қарусыз майданмен тең дерсің. Қиыннан қиыстырып жол тауып, күн сайын жаңа технологиялардан қалыс қалмай оқырмандарды ақпараттандыру қызметі заман талабы.

Кітап оқудың әдіс тәсілдерін ойлап тауып, оны оқырмандар назарына елең еткізіп жеткізе білу қырағылықты талап етері сөзсіз. Карантин уақытында оқырмандарына кітап қолжетімділігі үшін мүмкіндіктер қарастырған кітапханашылардың еңбегі көзге көрінбегенімен, оқырмандардың ыстық ықыласын алып отыратыны анық. Оқырманы озық өлке атанған кітапхана қызметтері туралы ақпараттарды «Жыр –жауһарлық» ақын, баспасөз саласының үздік тілшісі Жәлел Шалқар дөп баса жазғандығы қуантарлық жайт.

Жаңа форматта бос кеңістікте жаңаша леп ескен рухани ортаның төрі әрқашан оқырмандар үшін қызметте. Оқырманымыз Жәлел Шалқардың кітапханашылардың мардымсыз жалақыға қызмет жасайтындығы толғандырса керек.

Жаста болса бас болып, рухани ортаға ат тіреген ақын, тілші Жәлел Шалқарға шығармашылық табыс тілейміз. Кітапханашылардың өмірі, қызметі туралы ақпаратты сілтемені басып оқып танысуларыңызға болады құрметті оқырмандар.

                                                               Өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Г. Жаркеева

Шалқар Ж. Кітап патшалығындағы бір күнім // Орталық Қазақстан. - 2021. - 5 тамыз (№ 85). - 1,5 б.