Жас кітапханашылар мектебі

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Әбіш Кекілбаев ағамыздың нақыл сөзі мен бастағанды жөн көрдім. Кітапхана – рухани қазына ордасы. Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК жаңадан келген жас кітапханашыларға «Жас кітапханашылар мектебі» атты дәріс басталды. Алғашқы сабақты кітапханамыздың білікті, өз ісінің маманы, ғалым хатшы – Валентина Иосифовна Пак жүргізді. Сабақтың басты тақырыбы, жұмысқа орналасқан әрбір кітапханашы кітапхана ісін пайдалану ережесін, оқырман мен қалай жұмыс жасау керек, әр бөлімнің атқаратын жұмысы жайында әрбір кітапханашы білу міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар кітапхананың қысқаша тарихына тоқталды.

Кітапхана тарихы 30-шы жылдардың басында Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы мен тікелей байланысты. Алғаш кітапхана жұмысын екі бума кітап пен жұмыс бастап, сол кездегі қиын қыстау заман болса да кітапханашылар қиындыққа мойымай өз жұмысына адал қызмет атқарды. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі П. П. Кривцованың іскерлігінің арқасында кітапхана бірте – бірте мәдени орталыққа айналды. Қазіргі таңда кітапханамыз жылдан - жылға дамып заманауи үлгіде жаңа технологиялар мен жабдықталған. Кітапхананың жеке сайты мен электрондық каталогы оқырмандарымызға қолжетімді етіп  жасалған.

Сабақтан алған әсерім өте ерекше өзім білмейтін жаңа ережелер мен таныстым.

Жұмыс істеймін деген адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Кітапхана менің екінші үйім десе де болады, уақытымның көп бөлігі осы кітапханада өтеді. Алғашқы жұмысымның бастауы осы кітапханадан басталған.Өз мамандығым болмас да, кітапханашы болып қызмет атқаратынымды мақтаныш пен айта аламын. Жұмысқа келген жас кітапханашыларға айтарым тұрақты жұмыс жасап, өз жұмысыңды сүйе білу керек. Кітапханамыз жылдан жылға көркейіп, кітапханашыларымыз біліктіліктерін арттырып білімдерін шыңдай берсін.

 

                  Негізгі қорларды сақтау бөлімінің
                  кітапханашысы: Аманбекова М.А.