Жас кітапханашылар мектебі

Өзіңді –өзің тану үшін кітап керек, өзгені де тану үшін кітап керек ,- деп Расул Ғамзатов айтқандай, адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Түрлі жанрдағы кітапты оқу – елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл, мейірімді, төзімді болуға баулиды. Кітап оқу арқылы  қазақ халқының мәйекті сөзінің уызына жарып, бәрін білуге тырысамыз. Кітап – біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені. Ендеше, бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана деп білеміз. Сондықтан, кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

Кітапхана оқырманның талап –тілегін, қанағаттандырумен қатар, әлемдік,  ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін кітапхананың бірі – Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы.

Кітап оқу - адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәмшіл дегендей  етеді, бүгінгі «Жас кітапханашылар мектебі» аясында  алғашқы дәрісте Валентина Иосифовна Пак кітапхана  тарихына тоқталып, Қарағанды ОӘҒК – дағы кітапхана қызметін реттейтін негізгі деген құжаттарға: жарғы, лауазымдық нұсқаулық, бөлімдердің ережесі, т.б. айтты, біраз мағлұматтар алдым.

Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемдік ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек.   Кітапты қолыңа алып ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып  алып, еркін пайдаланғанға не жетсін?! Кітапқа жетер дүние жоқ.