Жас кітапханашылар мектебі

«Кітапхана - білім көзі, кітапханашы - оның тірегі» деп бекер айтпаған шығар. Кітап рухани досымыз. Мәдениеттің басты бір ошағы, адамға рухани байлық сыйлайтын, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар орын ол – кітапхана.

Осындай киелі ордамызда жас кітапханашылардың біліктілік деңгейін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында 10-шы наурыз бен 26-шы мамыр аралығында «Жас кітапханашылар мектебі» атты сабақ өткізілетіні хабарланды.  Соңғы уақытта бүкіл елдегі  болған пандемияға байланысты бұл іс-шара тоқтатылып,  қазір жалғасын табуда. Алғашқы сабақты кітапхана үздігі, осы кітапхананың негізін қалаушы, ғылыми хатшы Валентина Иосифовна Пак өткізді. 30-шы жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі кітапхананың дамуымен, жетістігі жайлы әңгімелеп слайдтан естелік фотоларды, мұражай қорында сақталған  шежірелерді көрсетті. Ең алғаш кітапханада жұмыс бастағанда екі бума кітапты алып, ауыл  аймақты аралап, Ұлы Отан соғысы жылдарында мойымай, абыроймен атқарған кітапханашылар туралы тебірене әңгімеледі. Сол жылдары қазақ жазушылары  С. Мұқанов, Г. Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ж. Бектұров кітапхана қонақтары болып, кездесу кеш ұйымдастырылғаны  туралы айта  кетті.   Әрине, бүгінгі күнде кітапхана танымастай өзгерген, заманауи үлгідегі жаңа технологиялармен жабдықталған. Кітапхананың қызметін реттейтін ережелермен таныстырды. Апта сайын білімімізді жетілдіріп, білмейтінімізді шыңдай түсуіне көп септігін тигізіп отырған ұжымға алғыс айта отырып, жоғары деңгейде тағы да басқа да осындай сабақтар өткізілсе деген ойымды, ұсынысымды  жеткізгім келеді. Тыңдаушылар әр айтылған естеліктерді, мағлұматтарды, тарихты мұқият тыңдап, уақыттың қалай өткенін білмей қалдық. Әрі қарай да айта түссе екен деп отырдық.

 

                                                   Құжаттарды өңдеу, ұйымдастыру және
                                                   каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің
                                                   кітапханашысы С.Ж. Уйсембаева