Биік сезім ақыны: Ф. Оңғарсынованың «Дауа» жинағы туралы // Талантқа құрмет: мақалалар, зерттеулер, портреттер. - Алматы : Жазушы, 1988. – 129-148 б.

Обложка: 

Автор: 

Қирабаев Серік

Біздің бүгінгі поэзиямыз талантқа кенде емес. Бір кезде В. Маяковский іздеген әртүрлі және жақсы ақындар тобы бізде лек құрады. Олар қазақ поэзиясы оркестрін құрап, әр қайсысы өз үнімен, бірін бірі қайталамай, соның қатарын толықтыруда. Фариза - осы топтағы күшті дауыстың бірі. Оның ешкімге ұқсамайтын таланты өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, айналасына, төңірегіне сын көзімен қарай алатын биік интеллектуалдық санасымен, мұң мен көңіл күйі әсеріне бөленген сазды әнімен, жырымен оқшау тұр.