Жас ақындардың шығармашылық алаңы

19 сәуірде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Кітапхана түнінде» кітапхана жанынан құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы «Бір ел – бір кітап» акциясын салтанатты түрде ашты. «Мұқағали мен Фаризаның диалогы» поэзиялық қойылыммен ашылған жыр кешіне жас ақындар жақұттай жыр шумақтарымен шашу шашты. Кештің барысында заманымыздың заңғар ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығынан деректер оқылып, слайд көрсетіліп, ақынның өлеңдері жатқа айтылды.