Мәдени шаралар дайджесті. Мамыр.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 мамыр аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 мамыр (сәрсенбі)

Отан қорғаушылар күніне арналған «Айбынды армия – ел қалқаны» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. Отан қорғаушылар күні 1992 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл күн, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев (Жоғары қолбасшы болып есептелетін) ұлттық қарулы күштерінің құрылуы туралы жарғыға қол қоюымен байланысты.

3 қабат, оқу залы     

 

3 мамыр (бейсенбі)

Ұлы Жеңіс күніне арналған «Отанға қызмет етеміз!» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

6 мамыр (жексенбі)

Кітапхананың Америка бұрышында Отан қорғаушылар күніне арналған «На страже государства, мира и независимости» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

2 қабат, конференц зал

 

14 мамыр (дүйсенбі)

Мәдениет қызметкерлерінің күніне арналған «Мәдениет пен өнер - өмір шежіресі» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

Бұл мереке 2013 жылдан бастап президенттің Жарлығына сәйкес тойланып келеді. Қазақстанның барлық мәдениет және өнер қызметкерлері бұл мерекені тойлауға ат салысады. Алғашында Қазақстандағы мәдениет және өнер  қызметкерлерінің күні 1998 жылы бекітіліп, қыркүйектің соңғы жексенбісінде мерекеленіп келді. Бірақ 2013 жылы оны 21 мамырға ауыстыру шешімі шығарылды да, қыркүйекте Еңбек күнін атап өтеміз. Мәдениет және өнер мерекесі - осы салада қызмет ететін барлық қызметкерлердің ел мәдениетінің қалыптасуына, мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауға, азаматтардың жалпы мәдени дамуына қосатын үлестерін атап өтуге бағытталады.

3 қабат, оқу залы

 

15 мамыр (сейсенбі)

Қоғам және мемлекет қайраткері Ж.Сәдуақасовтың 120-жылдығына орай, «Азаттық күресінің ардагері» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

15 мамыр (сейсенбі) сағ. 11.00-де

Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша өтетін «Путь к успеху: хроника независимости» интерактивті сабаққа қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конференц зал

 

16 мамыр (сәрсенбі) сағ.12.00-де

Журналист Екатерина Борисовна Кузнецованың 85-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Талант и признание» атты кездесу кешіне шақырамыз.

Екатерина Борисовна 1938 жылы Қытай елінің Далян қаласында дүниеге келген. Атасы белгілі қытайтанушы, дипломат, Ресей империясының соңғы консулы болған. 1922 жылы Мукден қаласында қайтыс болған. Отбасы Ресейге қайтбай Қытайда қалған. Екатерина Борисовнаның әкесі Борис Сергеевич Колоколов қытай-ағылшын тілдерінде аудармашы болған. 1954 жылы Қазақстанға қоныстанған.

Е.Б.Кузнецова 1961 жылы Қазақстан Мемлекеттік Университетін тамамдаған. Карағандыда «Комсомолец Караганды» жастар газетінде әдеби қызметкер, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып істейді. 1989-1993 жылдары «Вечерняя газета» («Городская газета») редакторының орынбасары. 1993 жылдан 1998 жылдары зейнеткерлікке шыққанша облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі. 2000-2003 жылдары «Жастар әлемі - Мир молодежи» журналында қызмет етті.

Е.Б.Кузнецова республикалық тарихи-ағарту «Әділет» қоғамы басқармасының мүшесі ретінде Карлаг тұтқындарының тағдыры туралы көптеген мақалалар жазды. «Куст карагана» (1996), «Карлаг: по обе стороны колючки» (2000), «Карлаг: меченые одной местой» (2005), «ОГПУ – ІІХК Карлагы: Столыпиннен ГУЛАГқа дейін = Карлаг ОГПУ-НКВД от Столыпина до ГУЛАГа = Karlag ASPV-VKLA (OGPU-NKWD) von Stolypin bis GULAG» (2011), «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» (2011),  «Карлаг: пространство и судьбы: проект «Ландшафты политических репрессий 30-50 гг. XX века Карлага (2013), сондай-ақ «Азалы кітап» (1999) авторының бірі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (2002), облыс әкімі сыйлығының (2006) лауреаты.

2 қабат, конференц зал

 

17 мамыр (бейсенбі)

2018 жылдың атаулы даталарының бірі - ақын, жырау Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы. Бұл мерейтойға «Бұқарекең жырлайды» атты кітап көрмесі арналады.

2 қабат, абонемент

 

24 мамыр (бейсенбі)

31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған материалдар «Тарихтағы трагедиялық беттер» атты кітап көрмесінде ұсынылады.

3 қабат, оқу залы

 

27 мамыр (жексенбі)

Күміс ғасырдың өкілдері Е.Евтушенко, А. Вознесенский, А. Дементьев, Э. Асадов, А. Галичке арналған «Свидание со звездами серебряного века» тақырыбында «Әдеби қонақжай» клубының отырысы өтеді.

2 қабат, конференц зал