Мәдени шаралар дайджесті. Қыркуйек.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-30 қыркуйек аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

3 қыркүйек (дүйсенбі)

«Мықты отбасы – мықты мемлекет» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрме материалдары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы Жарлығымен бекітілген  Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған. Президент Жарлығына сәйкес аталмыш мереке қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.

3 қабат, оқу залы

 

4 қыркүйек (сейсенбi)

Қазақстанда 5-қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі мерекеленеді ("Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы, 4-бабы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес) Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл – Қазақстан халқының тарихы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

3 қабат, оқу залы

 

5 қыркүйек (сәрсенбi)

Өлкетану бөлімі М.Әбілқасовтың 75 жылдығына және облыстық бейнелеу өнері мұражайының 30 жылдығына орай «Қылқалам шебері» атты кітап көрмесін дайындады.

М.Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлы 1943 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа станциясында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы сәндік және қолданбалы өнер училищесін бітірді. Көркем суретші, график, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан өнерінің еңбек сіңген қайраткері, бүкілодақтық және халықаралық конкурстардың дипломанты болып табылады. Кеңес уақытында Мыңғыш Әбілқасов өнімді еңбек етті. Бүгінде оның туындылары  Мәскеу, Алматы, Астана, Украинада, Германияда, Францияда және Польшаның мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақталған. 

Мыңғыш Әбілқасов он бес жыл бойы Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайын басқарды.  Мыңғыш Әбілқасов туған өлкесіның тарихы әрдайым қызықтырды. Халықтық трагедияға «30-й год» – «Горе», «Голод», «Надежда» атты триптих арналды. Өнеркәсіпті қаланың өзгеруі туралы (бұл да шығармашылық ой-толғауды қажет ететін тарихи тақырып ) «Вид на шахту «Карагандинская», «Там, где был шахтерский поселок», «Эхо Караганды» жұмыстары айқындайды.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

7 қыркүйек (жұма)

Ақын, прозаик, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғамзатов Расул Ғамзатұлының 95 жылдығына орай «Пишу, как подсказано совестью» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, абонемент

21 қыркүйек (жұма)

«Нашақорлыққа жол жоқ!» жастар Акциясына қатысуға шақырамыз. Аталмыш іс-шара алдымен жастарға есірткі қолданудың зияндығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын және адамгершілік-рухани құндылықтарын сақтауды насихаттауға бағытталған.

Кітапхана алдындағы алаң

 

24 қыркүйек (дүйсенбі)

«Человек труда - герой народа» атты кітап көрмесіне шақырамыз. 2013 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі  деп белгіленген Еңбек күнін бекітті. Көрме материалдары еңбек адамдары туралы, жұмысшы мамандықтары жайлы айтылады.

3 қабат, оқу залы