Мәдени шаралар дайджесті. Қазан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-30 қазан аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1-қазан (дүйсенбі)

Кемеңгер қоғам қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханасымен, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен бірігіп ұйымдастырылады. Сонымен қоса, кітапханамен С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен онлайн-диалог ұйымдастырылады.

Облыстық өлкетану музейінің конференц залы

 

12 қазан (жұма) сағ. 11.00-де

Кітапхананың конференц залында  «Казахстан – диалоговая площадка между цивилизациями» атты кездесу кеші өтеді. Кездесу Рухани келісім күнін мерекелеуіне қарай орайластырылған. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты толеранттылық рухында тәрбиелеу және қазақстандық қоғамның көп этникалық, көп конфессиялық тарихына және мәдениетіне құрметпен қарау.

2 қабат, конференц залы

 

14 қазан (жексенбі) сағ.11.00-де

Рухани келісім күніне орай, ағылшын тілінде «Главное – стабильность и согласие» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

2 қабат, конференц зал

 

18 қазан (бейсенбі)

Қазақ тілінің латын графикасына көшуде бірыңғай стандарттарын енгізу бойынша іс-шаралары аясында кітапханада қаланың архив қызметкерлерінің қатысуымен «Таныс бол және пайдалан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

2 қабат, конференц залы

 

25 қазан (бейсенбі)

Биыл ұлттық валютамызға 25 жыл. Қазақстан ұлттық валютасы –теңге –1993 жылғы 15 қарашада айналысқа енгізілген болатын. Теңгенің атауы ежелгі түркілердің орта ғасырларда таралған ұсақ монеталарының тарихынан алынған. «Таньга» деген атаумен монеталар туралы алғашқы дерек 1361 жылғы тарихи ескерткіштерде пайда болған.

ҚР Ұлттық банкінің «ҚҰБ Online»» мобильді қосымшасында 2018 жылдың 1 маусымнан бастап «ұлттық валюта – теңгеге 25 жыл» деген жаңа бөлім іске қосылды. Жаңа бөлімде әрбір пайдаланушы ұлттық валюта –теңгеге қатысты, өзін қызықтыратын сұраққа шұғыл түрде жауап ала алады.

Осыған орай, кітапханамыз «Ұлттық валюта – Қазақстанның қазынасы» атты кездесу кешін ұйымдастырады, барлықтарыңызды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конференц зал

 

28 қазан (жексенбі)

Әкім Таразидің 85 жылдығына орай, «Әдеби қонақжай» клубының отырысына қатысуға шақырамыз.

Әкім Ұртайұлы Әшімов (лақап аты - Әкім Тарази; 1933 жылы 9 қыркүйекте туған, Алматы) – кеңестік және қазақстандық жазушы, драматург, сценарист. Қазақстанның  еңбегі сіңген қайраткері (1999), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002).

2 қабат, конференц зал

 

29 қазан (дүйсенбі)

«Жас өлкетанушы» үйірмесінің  «Әдеби Қарағанды» отырысына шақырамыз.

2 қабат, конференц залы