Мәдени шаралар дайджесті. Қазан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

5 қазан (бейсенбі) сағ.12.00

Өлкетанушы Ю.Г. Поповтың  80 жылдық мерейтойына орай «Патриот, ученый, краевед» атты шығармашылық кешке шақырамыз.

Попов Юрий Григорьевич (1937 ж. т.), өлкетанушы, техника ғылыми кандидаты. Қарағанды политехника институтын, Скочинский атындағы тау-кен институтының аспирантурасын бітірген. Қарағандыда ҚҒЗКИ ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық инстититутында қызмет етті, ғалым-хатшы болды. 1962 жылдан өлкетанумен айналысып келеді. Велотуризммен шұғылдана жүріп, Арқа өнірінің өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып көптеген мақалалар мен кітаптар жариялады. Қарағанды өңіріне қатысты шығармалары: «Каркаралинские узоры» (1976 ж.), «Каркаралинские находки» (1978 ж.), «Свидание с Сары-Аркой» (1980 ж.), «Каркаралы», (1981 ж.), «Қарқаралы тарихи-географиялық очерк» (1984 ж.), «Их помнит Сары-Арка» (1989 ж.), «Дорога на Коунрад» (Н. Русаковамен бірге, 2000 ж.). 75 басылып шыққан және 65 қолжазбаның авторы болып табылады.

2 қабат, конференц-зал

 

9 қазан (дүйсенбі) сағ.11.00

Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың конференц залында "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла" Акциясы аясында 1939 жылы Алматы қаласының "Казахстанское издательство художественной литературы" баспасында жарық көрген "Батырлар" кітабын кітапханаға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

11 қазан (сәрсенбі)

Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім әлемі» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

11 қазан (сәрсенбі)

Қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу іс-шаралары жоспарының аясында кітапханамызда «Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан стратегиясы»  атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

2 қабат, конференц-зал

 

12 қазан (бейсенбі) сағ.11.00

Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – ел байлығы» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

1992 жылы Алматы қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өтті. Сол күні съездің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады, яғни дау-дамайлар мен түрлі қақтығыстарға моратории жариялау күні, ауызбіршілік пен татулықтың, қайырымдылық пен жақын адамыңа көмек беру күні болып саналды. Биыл бұл мереке 25 рет тойлануда.

 

18 қазан (сәрсенбі)

«Дауыстап оқу» акциясына қатысуға шақырамыз. «Дауыстап оқу» акциясы - бір топ адамның белгілі бір шығарманы оқып және оқығанды  талқылау .

Акция мақсаты – кітап оқуға бейімдеу, қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын тануда зерттеушілік қызығушылықтарын дамыту, өскелең ұрпақтың патриоттық және интеллектуалдық-рухани дамуын жетілдіру.

Акция міндеті – облыстың ересек пен жас тұрғындарын бір шығарманы бір мезгілде оқу мен бірлесіп талқылауға қызығушылықтарын ояту.

2017 жылда оқуға белгіленген кітап - Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романы .

2 қабат, конференц зал.

 

15 қазан (жексенбі) сағ.11.00

Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты ағылшын тілінде өтетін дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

2 қабат, конференц-зал.

 

24 қазан (сейсенбі) сағ.11.30

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін насихаттау іс-шаралары жоспарының аясында «Қасым» республикалық журналы мен «Арқа ақшамы» газеті редакциясының қызметкерлерімен кездесуге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал.

 

29 қазан (жексенбі) сағ.11.00

«Преимущество – очевидно» атты Әдеби қонақжайдың отырысы өтеді. Бағдарламада өз пікір алмасуға бір сағат уақыт берілген және қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі талқыланады.

2 қабат, конференц-зал.

 

31 қазан (сейсенбі)

«Әдеби маусым» жобасы корей әдебиетімен жалғасын таппақ. Барлықтарыңызды әдеби кешке шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал