Жалпы қазіргі кезде балардың кітапқа деген қызығушылығы азайғандай. Білмеймін, ғаламтордан электронды кітаптар қарайды ма, әйтеуір кітапханларға көп бармайтыны анық. Иә, қазір бәрі дамыған, ғаламтордан да кез-келген кітапты, журналды, өзіңе керек ақпаратты табуға болды. Бірақ, кітапханға барып кітапты қолмен ұстап, көріп оқыған бір керемет әсер емес пе?! Менімше қазірге жас буын балаларды кітап оқуға, кітапханаға келуге қызығарлықтай дүние істеген жөн сияқты. Мысалы, тек кітап оқуға шақырмай сонымен қатар, уақытты көңілді етіп өткізуге, кітаптан алар ақпараттарды басқада жолдармен жеткізіп зеректерін ашуға, түрлі ойын-сауық бағдардамалар жасап балалардын кітапқа деген, ғылым-білімге деген қызығушылығын арттыруға болады деп ойлаймын. Әрине тек қызық қуып кетпей түрлі қызықты тапсырмалар беріп, балалар өздері кітаптардан ізденетіндей қылып қызықты дүниелер жасау керек деп ойлаймын. Сонда ғана олар бір тапсырманы қарап жүріп түрлі қызықты кітаптарды ақтарады, солай-солай қызығушылықтары артып, кейінде өз беттірімен кітап оқуға талпынады және де ізденіп түрлі қызықты ақпараттар алып, зерек әрі алғыр болатынына сенімдімін. Қазір тіпті мектептерде де жаңа бағдарлама мен түрлі ойындар арқылы тапсырма беріп балалардың қызығушылығын да оятып, сабаққа деген зеректігінде ашады. Қорытындылай келе баламен бала болып ойнап та, үлкендерше ойлап та жұмыс жасаған жөн. Сонда тек білім қуып балалық шағын ұмытқан емес, үлкендерше ойлап, білімі басынан асып жатқан және солай бола тұра балалық шағыда жарқын өткен болған бала үміт ақтар, парасатты азамат болады деп ойлаймын.
Бахтиярова Мерей