Ғаламтордың уақыты қызу дүркіреп тұрған заманда кітап оқуға деген қызығушылықтың азайып қалғандығы өтірік емес. Ғаламтор ғасырында жастардың кітапқа деген қызығушылығы кенжелеп қалғаны рас. Оның үстіне қазір парақтайтын кітаптарды емес, электронды кітаптарды көпшілігі оқығанды дұрыс көреді.Ал, оның зиянды тұстары мен сапасыздығына үңіліп жатқандар көп. Сол себепті де, жастардың назарын кітапқа аудару үшін түрлі тәсілдер қолданып, елең еткізер шаралар өткізілгені жөн деп ойлаймын. Ащы болса да, шындық – қазіргі таңда кітаптың құндылығы бұрынғыдай емес.
«Ла Сиотоға пойыздың келуі» атты әлемдегі ең алғашқы 50 секундтық қана шағын киносы 1895 жылы ағайынды Люмьер мырзалар Париж тұрғындарына ұсынған болатын. Осы фильмді тамашалаған бір топ адам темір жол бекетіне пойыздың келіп тоқтағанын, одан жолаушылардың түсіп жатқанын көргенде зәрелері ұшып, залдан қашып шыққан көрінеді. Қазіргі күні жылдап көрсетілетін телесериалдар телеарналарды жаулап алғандығын мойындау керек. Бүгінгі күні қазақ телеарналарындағы телесериалдар сапасы қандай? Қазақ телесериалдарынан шетел сериалдарының саны неге артып тұр?
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.
Кітапхана - бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана - рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана - бұл ғылым жұмағы! Көп оқыған, көп білер!
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.
Кішкентай кезімізден үлкендер айтады ғой оқы, оқы, оқымасан ертең дұрыс қызметке тұрмайсын, ешкім сені алмайды – деп. Бір жағынан бұл да дұрыс. Оқып, білім алып, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа не жетсін! Бірақ Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай “тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы” – деп. Біліммен қатар тәрбиені де, имандылықты да бала өсіп келе жатқаннан бастап үйретіп, түсіндірген дұрыс. Ыбырай Алтынсарин атамызда “Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық” деп айтып кеткен екен. Бірақ тек оқуды ғана ойламай, адам болып қалуды мақсат еткен дұрыс.
Арман қуып, білім қуып Қарағандыға да келдік. Бүгінде осы жақта тұрып жатқаныма 2 жылдан асыпты. Қызық кездер мен қиын кезеңдерде қатар жүрді.Басында қызығына тоймай жүре беріппіз. Содан кейін қиындықтар шыға бастады. Үйдегілерге деген сағыныш арта түсті. Солай үйренісіп те кеттік. Енді ойланызшы мен сияқты қаншама мыңдаған, жүздеген жастар үйлерін тастап осы қалаға студент атану үшін келеді, қызық иә?! Тіпті Үндістаннанда келген студенттер бар біздің қалада. Әр қайсысы бір-бір мақсат, бір-бір арман арқалап келген.
Бұл жер жайлы айтар болсам, маған ұнады! Ең бірінші барған жерімді емес сол жердегі мені жақсы қарсы алған адамдар жайлы айтқым келеді. Жарқынай апай өте күшті адам, тез тіл табысып, әзіліміз де, әңгімемізде жарасып кетті. Кітапханада бірге түстенеміз, бірде екеуміз жолдын арғы жағындағы асханаға барып түстендік, қызық болды бәрі. Бұл жерде басым бөлігі ересектерге арналған кітаптар болған соң балалар емес үлкен кісілер, студенттер көп келетін. Кітарханада кітап қоры өте мол екен. Қызықты журналдар мен том-том кітаптарға дейін бар.
Өткен ғасырдың орта тұсында әдебиетке келіп, проза, публицистика жанрында белсене еңбек еткен зертеуші, ғалым, қаламгерлердің бірі ‑ Ақселеу Сейдімбек.
Бүгін мен практикамның алғашқы күні жайлы айтқым келеді.
Жалпы қазіргі кезде балардың кітапқа деген қызығушылығы азайғандай. Білмеймін, ғаламтордан электронды кітаптар қарайды ма, әйтеуір кітапханларға көп бармайтыны анық. Иә, қазір бәрі дамыған, ғаламтордан да кез-келген кітапты, журналды, өзіңе керек ақпаратты табуға болды. Бірақ, кітапханға барып кітапты қолмен ұстап, көріп оқыған бір керемет әсер емес пе?! Менімше қазірге жас буын балаларды кітап оқуға, кітапханаға келуге қызығарлықтай дүние істеген жөн сияқты.