Activities calendar

14 ақпан 2017

Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдығына арналған

М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актеры, республиканың халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдығына арналған «Театр өнерінің шоқ жұлдызы» атты мерейтойлық кешке қатысуға шақырамыз.

Мүлік Сүртібаев 1994 жылы 5 қараша күні Қарағанды облысының Тельман ауданының №5 ауылында дүниеге келген. 1933 жылы ол жұмысшы жастардың театрына 16 жастағы жасөспірім болып келген. Одан кейін Қарағанды драма театры жанындағы студияда білім ала жүріп, кәсіби театр құрамына кірді. Оқуды бітірген соң  осы театрға жұмысқа қабылданып, 1956 жылға дейін жұмыс істеді.

1956 жылы М.Сүртібаев Қарағандыдан Алматыға көшті. 1957 жылдан бастап 40 жыл ғұмырын арнаған М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актеры болды. Осы сәттен оның өмірінің жаңа шығармашылық кезеңі басталды.

50-жылдардың соңында нағыз даңққа ие болды. М.Сүртібаевтың жасы ол кезде 40-тан асқан. Актер Қазақ академиялық театрының құрамымен Қазан, Уфа, Нүкіске гастрольдік сапармен барды.

М.Сүртібаев кино сүйер қауымның да жүрегін жаулап үлгерген. Ол "Біздің сүйікті дәрігер" музыкалық комедиясында Мұраттың образын, "Өжет қызда" Аңғарбайды сомдаған. Тағы да басқа киноларға түсіп, қызықты рөлдерде ойнаған: "Ботакөзде" Мадиярды, "Егер де біздің әрқайсымызда..." Маймұрынды, "Ән қанатында" Найылды.

М.Сүртібаев – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері. Актер Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Қарағандыда тұрған үйінің (Чкалов көшесі, №2) қабырғасына ескерткіш тақтасы орнатылған.

Ол Алматы қаласында 1997 жылы дүниеден қайтты.

2 қабат, конференц-зал

Дата: 

14 ақпан, 2017 - 11:00

«Қазақстан және БҰҰ: 25 жыл ынтымақтастықта» атты кітап көрмесіне шақырамыз

Қазақстанның БҰҰ қабылданғанына 25 жыл толуына орай, «Қазақстан және БҰҰ: 25 жыл ынтымақтастықта» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

Дата: 

14 ақпан, 2017 - 09:00