Activities calendar

25 April 2017

Бірлік, береке, бақыт

25 сәуір (сейсенбі)

Қазақстан халқының бірлігі Мерекесіне арналған «Бірлік, береке, бақыт» атты кітап көрмесі ашылады. Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі құрылу кезеңдері жайлы мәліметтер назарға ұсынылады.

3 этаж, оқу залы.

Дата: 

25 April, 2017 - 09:00

Смаилов Камал Сейтжанұлының 85 жылдығына арналған

25 сәуір (сейсенбі)

Қазақ жазушысы, публицист Смаилов Камал Сейтжанұлының 85 жылдығына арналған мерейтойлық кештің куәсі болыңыздар.

Смаилов Камал Сейтжанұлы 1932 жылы 24 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіндегі Журналистика факультетін аяқтаған соң «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1960-1962 жж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы болып қызмет атқарды. Содан кейін К.Смайлов комсомолдық жұмыста болды,«Қазақфильм» киностудиясының директоры болып қызмет атқарды. 80-жылдары Камал Сейтжанұлы «Мәдениет және тұрмыс» , «Қазақстан коммунисті» журналдарында бас редактор болып еңбек етті. 1990 жылдан бастап К.С.Смаилов Қазақстан журналистер Одағы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

К.С.Смаилов – мемлекет қайраткері, өнертану кандитаты (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998)

Екі рет «Құрмет белгісі»орденімен, «Алтын Адам» құрмет белгісімен және медальдармен марапатталған. Өмірінің соңғы жылдары (1996-2003) К.С.Смаилов ҚазҰУ және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында теория мен кино тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жазушы журналистер Одағын үздіксіз басқарған.

2 қабат,конференц зал.

Дата: 

25 April, 2017 - 09:00