Мәдени шаралар дайджесті. Сәуір.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-30 сәуір күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 сәуір (сейсенбі)

Балқаш қаласының 80 жылдығына орай «Мысты Балқаш – нұрлы Балқаш» атты кітап көрмесіндегі мәліметтерімен танысуға шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

5 сәуір (сәрсенбі) сағат 11.00

«Қобыз үні жүрегімді тербеген» атты шығармашылық кешіне қатысуға шақырамыз. Биылғы жылы ұлттық аспаптар шеруін қобыз жалғастырады. Кеш қатысушылары: қобыз әлемінің үйлесімді әлемінде терең ойға әкететін музыканттар, жас әртістер, суретшілер шақырылады.

2 қабат, конференц залы

 

5 сәуір (сәрсенбі) сағат 14.00

Республикамыздың бас қаласы Астанада өткелі жатқан EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында кітапханада «EXPO-2017. Қарағанды бренді: дәстүрден жаңашылдыққа» атты тұсаукесер кеші ұйымдастырылады. Бұл іс-шараға EXPO-2017 ұлттық павильонында жобалары ұсынылатын жоба жасаушы ғалымдар шақырылған. Шақырылған қонақтардың баяндамалары арқылы шара қатысушылары көрме туралы, идеялық негізі, өткізілу кезеңдері, сонымен қатар, қарағандылық жаңашылдар ұсынған тауарлар мен идеялардың алға жылжуы туралы біле алады.

3 қабат, оқу залы

 

6 сәуір (бейсенбі)

Бүкіл әлемдік денсаулық күніне арналған «Халық денсаулығы – ұлт байлығы» көрмесі өткізіледі. Көрменің басты идеясы - «өз денсаулығымыз өз қолымызда».

3 қабат, оқу залы

 

8 сәуір (сенбі) сағат 14.00

Баршаңызды жыл сайын өткізілетін «Жаппай диктант жазу – 2017» біліми акциясына шақырамыз. Біздің кітапхана Қарағанды қаласы бойынша акция өткізудің алаңы болмақ. Аталмыш акцияға totaldict.ru сайты арқылы тіркеле аласыз.

3 қабат, оқу залы

 

10 сәуір (дүйсенбі)

Б. Ахмадулинаның 80 жылдығына арналған «Я – из людей и больно мне людское» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

Ахмадулина Белла Ахатовна (1937 жылы, 10 сәуір, Мәскеу – 2010 жыл, 29 қараша, Мәскеу) – кеңес және ресейлік ақын, жазушы, аудармашы, ХХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген беделді лирикалық орыс ақындарының бірі.

2 қабат, абонемент

 

14 сәуір (жұма)

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Ғашықтар күніне орай «Жыр-Жауһар» поэзия клубы «Жыр-Жауһар жаққан жұлдыздар» байқауын ұйымдастырады. Аталмыш байқауға поэзия клубының мүшелерінен отбасылық жұптар қатысады.

3 қабат, оқу залы

 

17-20 сәуір (дүйсенбі-бейсенбі)

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап – мәдениет пен руханиятты байланыстырушы көпір» атты кітап фестиваліне шақырамыз. Фестиваль бағдарламасында:

  • «Таңғажайып наноәлем» суреттер байқауы – 17 сәуір
  • «Сәнді оқу» кітаптар көрсетілімі – 18 сәуір
  • «Балалар әлемі» шолуы – 19 сәуір
  • «Бір ел-бір кітап» Акциясының салтанатты ашылуы – 20 сәуір
  • «Отбасылық оқу бұрышы» салтанатты ашылу – 20 сәуір

 

23 сәуір (жексенбі)

Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен өтетін «Халықтар достығы – бірлік пен береке көзі» дөңгелек үстеліне шақырамыз.

2 қабат, конференц зал

 

24 сәуір (дүйсенбі) сағат 11.00

«Жас өлкетанушы» үйірмесінің Жеңіс күніне арналған «Героев помним имена» атты отырысы өтеді.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

25 сәуір (сейсенбі)

Қазақ жазушысы, публицист Смаилов Камал Сейтжанұлының 85 жылдығына арналған мерейтойлық кештің куәсі болыңыздар.

Смаилов Камал Сейтжанұлы 1932 жылы 24 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіндегі Журналистика факультетін аяқтаған соң «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1960-1962 жж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы болып қызмет атқарды. Содан кейін К.Смайлов комсомолдық жұмыста болды,«Қазақфильм» киностудиясының директоры болып қызмет атқарды. 80-жылдары Камал Сейтжанұлы «Мәдениет және тұрмыс» , «Қазақстан коммунисті» журналдарында бас редактор болып еңбек етті. 1990 жылдан бастап К.С.Смаилов Қазақстан журналистер Одағы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

К.С.Смаилов – мемлекет қайраткері, өнертану кандитаты (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998)

Екі рет «Құрмет белгісі»орденімен, «Алтын Адам» құрмет белгісімен және медальдармен марапатталған. Өмірінің соңғы жылдары (1996-2003) К.С.Смаилов ҚазҰУ және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында теория мен кино тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жазушы журналистер Одағын үздіксіз басқарған.

2 қабат,конференц зал.

 

25 сәуір (сейсенбі)

Қазақстан халқының бірлігі Мерекесіне арналған «Бірлік, береке, бақыт» атты кітап көрмесі ашылады. Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі құрылу кезеңдері жайлы мәліметтер назарға ұсынылады.

3 этаж, оқу залы.