Сұлтанмахмұт Торайғыров - кемел ойлы кемеңгер ақын "Бір ел – бір кітап" акциясы

Жыл сайын елімізде «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында іс-шаралар жүргізіліп, жалғасын тауып келеді. Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Көппрофильдік колледж студенттерімен кездесу өткізіп, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті.

2017 жылы «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалған болатын. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу.

Әңгіме барысында акция тарихы мен ақынның шығармашылығы жайлы айтылып, студенттер өз ойларымен бөлісіп, ақын шығармашылығына студенттер жаңашыл көзқараста баға бере отырып, ақынның әдеби мұрасына деген қызығушылықтарын танытты.

Сонымен қатар, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітапханада өткізілетін іс-шараларға тоқталып, кітапхана сайты таныстырылып өтілді.

Құрметті оқырман, сіздерді қазақ әдеби мұрамызды қолдап, кітап оқуға шақырамыз!!!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Қадырова Г.Д.