Мәдени шаралар дайджесті. Желтоқсан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 желтоқсан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

3-желтоқсан (жексенбі)

Барлық оқырмандарымызды Тұңғыш Президент күніне арналған  «Елбасы – ел тірегі, ел намысы» атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

3-қабат, оқу залы

 

4-желтоқсан (дүйсенбі)

Бір кітапқа арналған көрмемен таныс болыңыздар. «Тар кезең» көрмесі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұхамбетқалиұлының 75 жылдық мерейтойына арналған.

2-қабат, абонемент бөлімі

 

4-желтоқсан (дүйсенбі)

9 желтоқсан – халықаралық жемқорлықпен күрес күні қарсаңында дайындалатын «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қастық» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3-қабат, оқу залы

 

10-желтоқсан (жексенбі)

Халықаралық әдебиеттер бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ағылшын тілінде өтетін «Егеменді ел - болашаққа  бастар жол» атты дөңгелек столға шақырамыз.

2-қабат, конференц-зал

 

11-желтоқсан (дүйсенбі)

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты кітап экспозициясына шақырамыз.

 3-қабат, оқу залы

 

12- желтоқсан (сейсенбі)

Оқу залының қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетін тарих сағатына шақырады. Іс-шараға қатысушыларының назарына мерекелік датаға арналған кітап көрмесі ұсынылатын болады.

 3-қабат, оқу залы

 

20-желтоқсан (сәрсенбі)

Абонемент бөлімінде оқырмандарға арналған кітап көрмесі мен викторина ұйымдастырылатын болады. Кітап көрмесі жазушы, драматург Д.Исабековтың 75 жылдығына арналған.

2-қабат, абонемент бөлімі

 

20-желтоқсан (сәрсенбі)

«Творчество и чудотворство» клубының қатысушылары барлық оқырмандарды «Маусымның қорытындысы: Жаңажылдық әшекейлер» атты мерекелік отырысқа шақырады. Клуб қатысушыларының бұйымдары ұсынылатын болады.

1-қабат, қонақжай

 

24-желтоқсан (жексенбі)

«Жас өлкетанушы» үйірмесі барлығын «Қала көшелерінің атауында тарих бар» атты отырыстарына шақырады. Іс-шара барысында үйірме қатысушыларының шығармашылығы ұсынылады.

 2-қабат, өлкетану бөлімі