Өмірге құштарлық

Исабаев Н. Өмірге құштарлық [Мәтін] : роман / Н. Исабаев ; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің. - Алматы : Мереке, 2012. - 621 б. - (Жаңа заман әдебиеті. Проза)

Кез келген адам ақын өлеңдерін оқыған соң  сол автор жайлы білуге тырысатыны анық. Ақын Нұртас Исабаевтың  проза саласындағы  еңбегімен танысу үшін «Өмірге құштарлық» атты кітапты оқуға шақырамын. Тағдырына түскен зілмауыр салмақты сезіне отырып,  адамзат баласын жасампаздық пен жақсылыққа шақыруы   оның үлкен жүрек иесі екенін  танытады . Кітапта  алғашқы тырнақ алды туындыларын «менің ағам – ақын» деп  мақтанышпен оқыған інісінің әрекеттерімен қатар көңіл қуантар сәттер,налитын сәттер де көптеп саналады. «Жиырма бес жыл  жүрдім, жиырма бес жыл  отырдым, енді қалайда тұруым керек» ,- деп кез келген адам айта алмасы анық. Кітап тілі жеңіл , қалыңдығынан қорықпаңыз – Оқыңыз!  

Сонымен қатар ақын Нұртас жырларына да үңіліп көріңіз.