Мәдени шаралар дайджесті. Наурыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 наурыз аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (жұма) сағ.15.00

Кітапханамызда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бағдат Мүбарактың шығармашылық кеші өтеді. Кездесу кеші аясында «Алтынкүрек» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

Аталмыш кешке ақындар С.Ақсұңқарұлы, С.Сағынтай, Р.Нұрбай, Қ.Асқар, ғалымдар Т.Көкетаев, Қ.Асанов, Ж.Жарылғапов, А.Бабашев, сонымен қатар, «ҚР білім саласына еңбегі сіңген қызметкер», меценат Бекзат Алтынбеков, Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Әміров Есжан және жас ақындар қатысады деп күтілуде.

Барлық поэзия сүйер қауымды шақырамыз!

3 қабат, оқу залы

 

4 наурыз (жексенбі)

8-наурыз Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихын, елдің дамуына зор үлес қосқан атақты әйелдер және жай ғана аналар туралы «Ана – өмір, Ана – бақ» кітап көрмесінің материалдары айтып береді.  

3 қабат, оқу залы

 

5 наурыз (дүйсенбі)

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Сіздерді күйші және композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200-жылдығына арналған «Музыка өнерімен мәңгі сабақтас есім» кітап көрмесіне шақырады.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

11 наурыз (жексенбі)

Наурыз мейрамының қарсаңында «Жыр-Жауһар» клубының «Армысың, Әз-Наурыз» атты отырысы өтеді. Әдеби-сазды кештің аясында іс-шара қатысушыларын мерекенің пайда болу тарихымен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырады.

2 қабат, конференц зал

 

12 наурыз (дүйсенбі)

Суретші, мүсінші, Қарағанды қаласының құрметті азаматы А.П. Билыктың 90 жылдығына арналған «Жас өлкетанушы» үйірмесінің отырысы өтеді. 

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

12 наурыз (дүйсенбі)

Шортанбай Қанайұлының 200-жылдығына арналған кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

13 наурыз (сейсенбі)

Қазақ тілінің латын графикасына көшуін насихаттау іс-шаралары аясында кітапханада оқырмандардың арасында латын графикасындағы диктант жазу өткізіледі. Диктант жазуға барлық қатысам деушілерді шақырамыз.

2 қабат, конференц зал

 

14 наурыз (сейсенбі)

Кітапханада «Н.Назарбаев феномені: саяси ұстанымдар мен бастамалар» дөңгелек үстелі өтеді. Іс-шара 2017 жылы желтоқсан айында жарыққа шығып, тұсаукесер рәсімі өткізілген Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына арналған. Еңбектің мазмұнын талдау және талқылауға саясаткерлер, жоғары оқу орындарының ұстаздары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады.  

2 қабат, конференц-зал

 

14 наурыз (сәрсенбі)

Оқырмандарды «Наурыз – ұлтқа мұра» атты мерекелік экспозиция материалдары күтуде.

3 қабат, оқу залы

 

18 наурыз (жексенбі)

Наурыз мейрамына арналған «Весна идет! Весне дорогу!» атты «Әдеби қонақжай» клубының отырысы өтеді.

2 қабат, конференц-зал