Алтынкүрек

"Алтынкүрек – алғаш көктемде желпитін жылы леп, майда самал. Алайда ол соншалық нәзік болмысымен-ақ қасарысып жатқан қасат қардың көбесін сөгіп, көктемнің алғашқы бәйшешек-тағдырына жол ашады. Поэзия, демек тура осы алтынкүрек. Ол да адамзат жаралғалы бері оның жүрегіндегі енді қайта жібіместей болып бекіген шер-шеменді бір нәзік сәуле-сөз арқылы жібітіп келеді..."- деп журналист Мирас Асан айтқандай кітапханаға жаңа түскен ақын Б.Мүбәрактың "Алтынкүрек"  кітабындағы жалынды жырларын оқу құрметіне ие боласыздар.

Кітап 1000 данамен Қарағанды қаласы "Мағжан" баспасынан  2018 жылы жарық көрді.

Ақын Бағдат Мүбәрактың бұл жыр кітабы махаббат, елдік пен ерлік, уақыт һақындағы өлеңдер ақынның өзіне тән мінез-бояуымен ерекше. Жан сарайына поэзия желі боп еніп, жылылық сыйлайтын жаңа кітап көпшілік оқырманға  арналған.