Мәдени шаралар дайджесті. Сәуір.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-30 сәуір аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 сәуір (дүйсенбі)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне  арналған «Денсаулық – менің байлығым»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

3 қабат, оқу залы

 

4 сәуір (сәрсенбі) 9.30-да

«АҚШ мәдениеті жайлы не білемін?» атты ағылшын тіліндегі жазба жұмысы байқауының қорытынды бөлімі және байқау жеңімпаздарын марапаттау сәті өтеді.

2 қабат, конференц зал

 

4 сәуір (сәрсенбі)

Актер Қалибек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық сахна өнерінің дарабозы» атты көрмеге шақырамыз.

Ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Қалибек Қуанышбаев кәсіби театр өнерінің қалыптасуының бастауында тұрған ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерінің ортасында шын мәнінде лайықты орын алады. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

«Қазақтың Щепкині» атанған актердың болашаққа бастайтын алғашқы қадамдарын өнер әлемінде атақты Қоянды жәрмеңкесімен байланыстырады. 1921-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті, 1926 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақ драм театрының ұйымдастырушыларының бірі болды. 1927 жылы Мәскеуде этнографиялық концертке қатысты. 1928 жылдан бастап 1964 жылға дейін М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының басты рөлдерді сомдаушы актері. Бір уақытта кино түсіреді, педагогикалық қызметпен айналысады, қысқа скетчтер, пьесса, шағын әзіл-сықақ шығармалардың авторы болып табылады.

«Амангелді» (Байбол, 1948), «Абай әні» (Абай, 1945), «Алтын мүйіз» (Бергалиев, 1948), «Шоқан Уәлиханов» «Шыңғыс, 1957) және т.б. кинофильмдерінде өз рөлін ойнап, қазақ киноөнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1952), ҚазСРО еңбегі сіңген әртісі (1934), ҚазСРО  халық әртісі (1936), КСРО халық әртісі (1959). Екі рет Ленин орденімен марапатталды.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

11 сәуір (сәрсенбі)

Кеңес Одағының батыры М.Мамыраевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Героев помним имена» атты «Жас өлкетанушы» клубының отырысы өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

14 сәуір (сенбі) сағ. 14.00-де

Баршаңызды жыл сайын өткізілетін «Жаппай диктант жазу – 2018» біліми акциясына шақырамыз. Біздің кітапхана Қарағанды қаласы бойынша акция өткізудің алаңы болмақ. Аталмыш акцияға totaldict.ru сайты арқылы тіркеле аласыз.

3 қабат, оқу залы

 

15 сәуір (жексенбі)

«Жыр-Жауһар» поэзия клубы  «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу»  махаббат күніне орайы «Жыр-Жауһар жаққан жұлдыздар» атты әдеби-саздық кеш ұйымдастырады. Аталмыш кешке отбасылық жұптар, поэзия клубымыздың қатысушылары қатысады.

2 қабат, конферен-зал

 

18 сәуір (сәрсенбі)

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, «Халықтар достығы - бірлік пен береке көзі» атты Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерімен өтетін кездесу кешіне шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

23-29 сәуір

Барлықтарыңызды Халықаралық Кітап және авторлық құқық күніне арналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты Кітап фестиваліне қатысуға шақырамыз. Фестиваль бағдарламасында:

 

  • Фестивальдің ашылуы – 23-сәуір. Басталуы сағ.10.00
  • Акция «Бір ел – бір кітап=Одна страна – одна книга» - 24-сәуір. Басталуы сағ.12.00
  • «Астана: 1998 – 2018» кітапханалық бульвар - 26,27 сәуір. Басталуы сағ.11.00
  • «Ел жүрегі-Астана» поэтикалық вернисаж – 29-сәуір. Басталуы сағ.12.00

 

23 сәуір (дүйсенбі)

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Халықтар достығы бірлік пен береке көзі» атты кітап көрмесі ашылады. Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының негізгі кезеңдерін түсіндіретін материалдар ұсынылады.

3 қабат, оқу залы

 

23 сәуір (дүйсенбі)

Даңқты батыр, қазақстандық жазушы Қасым Қайсеновтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Хас батыр - Қасым ата» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент бөлімі