"Отанымды бейнелеймін"

Құрметті оқырмандар Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған виртуалды көрме ұлттық бейнелеу өнерінің қылқалам шебері, қазақ КСР-інің халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 105 жылдығына арналған.

Елімізде өнердің сан түрлі саласынан тамыр тартқан дарабоздар аз емес. Халқына бейнелеу өнерінің негізін салушы, кескіндемеші, портретист, пейзажист, актер, режиссер ретінде танылған Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов  - сондай дара таланттың бірі. Ол Мәскеудегі жоғары көркемдік көркемдік институттың графика факультетінде оқып жүрген кезінде алғаш рет «Өмірге жолдама» (Путевка в жизнь) фильмінде массовкаға түседі. Осыдан бастап оның театр өнеріне деген сүйіспеншілігі арта түседі.

Ә. Ысмайылов – 1913 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауылында туған. Әкесі шахтер болған. Суретшінің жадында сақталып қалғаны ағылшындар салған ыс басқан барактар мен шаң-тозаң басқан даланың сұрықсыз келбеті. Әубәкір бала кезінен бастап суретті көп салды, балшықты түрлі ойыншықтар жасайтын, әсіресе, жылқы мен салт адамның мүсінін жасауға ерекше құштар болған.

Суретшінің «Отанымды бейнелеймін» (Ұлытау) (1974) – ең елеулі еңбектерінің бірі. Онда Орталық Қазақстанға тән жайдақ аласа таулармен қоршалған тасты үстірт ландшафты бейнеленген. Таң, шығып келе жатқан күннің шапаға тау шоқырларын ал қызыл түске бояған. Табиғаттың мамыражай шағы. Бірақ ол мүлде меңіреу емес. Композицияның екінші планында геологтар шатырлары, киіз үйлер, мұнай бұрғылау қондырғылары, сүйретпелі үйлер жанындағы вертолетті қоршаған адамдар көрінеді.  Пейзаждың эпикалық ұлы көрінісін қабылдауға бұрын қаймағы бұзылмаған, жан баспаған оңаша жерді барлаушы адамдардың күнделікті қарбалас тіршілігі еш зиянын тигізіп тұрған жоқ. Мұнда адам мен табиғат тығыз бірлікте деу аз, мұнда олар одақтас, бір-бірімен әріптес. Акварель жеңіл де жылдам салынған, суретшінің кеңістікті кеңірек қамтуына мүмкіндік беретін, негізгі объектілерді көрушілер көз алдынан алыстатып беру сияқты жақында ғана пайда болған композициялық тәсіл ашық пайдаланылған.

 Ә. Ысмайылов ұлттық кескіндеме өнерінің реалистік бағытындағы суретші. Жұмысшылардың еңбегі суретші шығармашылығының негізгі арқауы. Бұл «Қарағандыны салу», «Қарағанды шахталарында», «Алатау алқабы» атты туындыларында көрініс тапты. Ә. Ысмайылов талмай ізденіп еңбектенуден танған жоқ. Ол қашанда идеяларға бай, әрқашанда да жаңа түр іздеуден тыным таппайды. Натура оны әрқашан шабыттандырады, сол кезде жас кезінен өзіне сүйікті болған жерлер бояу айшықтарымен қайта жанданады.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкері Құдайберген А. Е.