Тұңғыштарға тұғыр болған – Теміртау

«Теміртау мен үшін  - алтын бесік. Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырыммен ажыратылмас. Егер менің өмірімде Магнитка  мен Теміртау болмаса, мен ешқашан Президент болмас едім», деп жазды ол ағынан жарыла.

Сарыарқа  төсінде Қазақ Магниткасын дүниеге  әкелу идеясы 1930 -жылдардағы  ғылым жетістігі.  Белгілі ғалымдар Қ.И. Сәтбаев, М.И. Русаков,  А. Н. Сперанскийдің  Атасу, Соколов – Сарыбай, Лисаков,  Қашар тәрізді  руда отын және  темір кеніштерін терең зерттеуі  нәтижесінде Самарқант кенті жанынан толық металлургиялық циклді кәсіпорын  тұрғызу мәселесі көтерілді. Жаңа ірі кәсіпорынның құрылысы 20 жылға жоспарланған.  Алайда Ұлы Отан соғысы басталып кетеді де, идеяны жедел түрде жүзеге асыру қажет болады.

2 жыл ішінде Қазақ зауыты салынып , 1944 жылдың 31 желтоқсанында  №1 мартен пеші алғашқы қазақстандық металл өндіреді.

1945 жылдың 1 қазанында  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен  Самарқант кенті  Теміртау қаласы болып өзгертіледі. Соғыстан кейінгі жылдары Теміртау өндірісінің өрлеу кезеңіне айналды.

Елбасы магниткада еңбек жолы басталғанын мақтан етеді. «Теміртау -  Елбасына берік тұғыр болған мекен» деп айтуға толық негіз бар.

Тұңғыш Президентімізді еңбекпен шынықтырып, саяси өмірдің заңғарына самғатқан Теміртау шаһары болып табылады.

«Мұнда 50 жыл бұрын не болып еді? Шағын поселка, шатырлы қалашық және мен сияқты бүкілодақтық екпінді құрылысқа  келген мыңдаған жас біздің қолымызбен екі жыл ішінде алғашқы домна тұрғызылды, әрі іске қосылды. Бұл құрылысшылардың,  монтажшылардың,  металлургтердің нағыз еңбек ерлігі еді.

Мен тарихи шойын қорытуға қатысқаным үшін мақтанамын Металлург мамандығын кезінде таңдағанымды да  мақтан тұтамын»,- деп Елбасы 2010 жылы 3 шілдеде сөйлеген сөзінде атап көрсетті.

Биыл Астананың 20 жылдық  мерейтойы Қазақстан Магниткасында тұңғыш шойын алынған күннің 35 жылдығына тұспа-тұс келіп, қоса тойланды.

Теміртау металлургтері айтулы даталарды үшінші домна пешінде өткізілген дәстүрлі мерекелік балқымамен атап өтті.  

1960 жылдың 3 шілдесін біз Қазақстан Магниткасының туған күні  деп есептейміз. Дәл осы күні нөмір бірінші домна пешінің науасынан тұңғыш қазақстандық шойын селі тасқындап, Теміртаудың жаңа тарихының беттері жазылды.

Құрметті оқырман, Елбасымыздың Теміртау мен Қарағандыда өткізген өмірі, азамат, қайраткер болып қалыптасқан, саясат майданында құрыштай шыңдалған кездері сізді қызықтырса мерзімді басылымдар бөліміндегі «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Президент және халық» газеттері мен «Астана», «Мәңгі ел» журналдарын алып оқыңыздар!

Мерзімді басылымдар, кітапханашы К.Т. Айтбаева