Құрылысшы - мәртебелі мамандық

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар.Сондай қадірлі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екені баршамызға аян. Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екінші жексенбісін «Қазақстан құрылысшылары күні» деп жариялаған болатын. Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсіздік жылдары елімізде құрылыс саласын  дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары көбейді.Қалаларымыз жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер,ғимараттар жыл өткен сайын көбейіп, бой түзеп келеді.Бұлардың бәрінде құрыш қол құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. «Қолжетімді баспана - 2020 » бағдармаласының іске асуы да кемел ойлы осы мамандық иелеріне тікелей байланысты екені сөзсіз.Биылғы жылғы жоспарға сай қаламызда бірнеше тұрғын үй, 11а ықшам ауданында №11 емхана, жаңа базар пайдалануға берілсе, қыркүйек айына қарай қазақ тілінде оқытатын Оңтүстік-Шығыс ауданда 1200 орындық мектеп, үлкен теннис орталығының  құрылысы аяқталуға жақын.Оңтүстік-Шығыс ауданында жаңа балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылысы салынуда.Қаламыздың жылдан-жылға көркеюіне өз үлестерін қосып отырған құрылысшыларымыздың еңбегі қашан да құрметке лайық.

Құрылысшыларымыздың арқасында елімізде құрылыс жанданып,халық жаңа стандарттар мен заманауи дизайнға бой үйретуде.Қаламыздың ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосқан үлестеріңіз көз сүйсінтерлік.Барша құрылысшы мамандық иелерін төл мерекесімен құттықтап, ел экономикасының дамып, көркеюіне қосқан үлестерінің жемісін көре берсін деп тілеймін.

 

                                           Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы: Ахмадиева А.С.